Үшінші мегаполисте Қазақстан Республикасының Конс­титуциясы күні қарсаңында «Ұлы дала шежіресі – Ата заң» мерекелік салтанатты іс шарасы өтті.
Ата заң ұлықталған күн
620
оқылды

Арнайы театрландырылған қойы­лымнан басталған салта­нат­ты кеште Әнұран шырқалып, көк Туы­мызға құрмет көрсетілді. Сар­баз­дар рухты асқақтататын пат­риот­тық әндерді шырқады.

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов мерекелік жиынға ар­­найы қатысып, қала жұрт­шы­лығы мен қонақтарын ел тари­хын­дағы маңызды мерекемен құт­тықтады. 

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді саяси, құ­­­қықтық және әлеуметтік-эко­но­­ми­калық тұрғыда жаңғыртып, Әді­­летті Қазақстанды қалыптас­тыру мақсатында жүйелі рефор­маларды жүзеге асырып келеді. Бүгінде Қазақстан құқықтық-демократиялық дамудың жаңа бір кезеңін бастан өткізіп жатыр. Азаттығымыздың айшықты ай­ға­ғына айналған Ата Заң – тәуел­сіздіктің теңдессіз тартуы. Ха­лық­тың өзі дауыс беріп қабыл­да­ған өзгерістер арқылы Конс­ти­ту­ция­мыз өркениетті мемлекеттің бар­лығына тән демократиялық қағи­далармен толық қамтылып отыр», – деді қала әкімі. 

Салтанатты басқосу ел мен ұлт­­­тың ынтымағы, дамуы жо­лын­­да үлес қосып келе жатқан аза­мат­тарды марапаттау рәсіміне ұласты.

Түркістан сарайында өткен Ата Заңымыз ұлықталған мере­ке­лік іс шарада қалалық мәдениет үйі өнерпаздары, цирк әртістері мен өзге де жергілікті өнерпаздар пат­риоттық бағыттағы ән-жыр­лары мен қойылымдарын көпші­лік­ке ұсынды. 

Назгүл НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы