Жыл сайын студенттер саны артып барады. Ресми деректерге жүгінсек, биыл 172 мыңнан астам оқушы алтын ұя мектебімен қоштасқан. Осыған сәйкес мемлекет тарапынан бөлінетін гранттар саны да өсіп келеді.
Студенттер енді «далада» қалмайды
756
оқылды

Одан бөлек, жоғары оқу орындары мен ұйымдардан тағайындалатын ішкі гранттар тағы бар. Әр оқу жылында алып шаһарға ағылып келетін студенттердің «жыры» – жатақхана жетіспеушілігі. Білім саласында жиі көтерілетін бұл мәселенің түйіні әлі тарқаған жоқ. Жатақхана сұранысының артуына студенттер санының ұлғаюы да әсер етіп отыр.

Ал Алматы қаласында алғаш рет іске қо­сылған дағдарыс орталығы аталған мә­селені оңтайлы шешуге көмектеседі. Ғы­лым және жоғары білім министрлігі өкіл­дерінің сөзінше, биыл студенттерге ар­налған дағдарыс орталығы үш ме­га­по­лис­те ашылды. Астана мен Алматы қа­­­ла­сында орналасқан орталықтың сыйым­ды­лығы 30 адамға лайықталса, Шым­кент­те 20 орынға арналған мекеме жұ­мыс істейді. Алматыдағы орталық Ло­гис­­тика және көлік академиясының ғи­маратында орын тепкен. Министрлік өкіл­дері орталықты неліктен қаладағы бұл оқу орнының ғимаратында ашқан се­бебін де түсіндірді. Олардың ай­туын­ша, университетте студенттерге орын жет­кілікті көрінеді. Білім алушылар үшін орын дефицит емес, керісінше про­фи­цит. Дағдарыс орталығында студент жа­тақханаға орналасқанша, 1-2 күн тү­неп шыға алады. Тіпті, түнде ұшақтан, пойыз­дан енді ғана түскен, бірақ барар же­рі, басар тауы жоқ студенттерге де орын қарастырылады. Қысқасы, орта­лық студенттердің «далада» қалмауы үшін барын салады.

Студенттер жатақханаға орналасу үшін онлайн форматта өтініш жі­бере ала­ды. Бір күн ішінде студентке жауап бері­леді. Егер жатақхана жетпесе, жауап­ты мамандар оларды хостелдерге орна­лас­тырады. Биыл студенттердің қамы үшін әзірленген шаралар мұнымен шек­тел­мек емес. «Оған қоса, әрбір жо­ғары оқу орнының жанынан ахуал орта­лы­ғы да құрылды. Мұның барлығы үл­кен қалаларға білім іздеп келген сту­дент­терді жатақханамен қамтамасыз ету үшін жасалып жатыр», – дейді Ғылым және жо­­ғары білім министрлігінің өкілдері. Ахуал орталығының байланыс нөмірлері оқу орындарының әлеуметтік желідегі рес­ми парақшаларында көрсетілген. Сту­дент өзі білім алатын университеттің ал­горитміне сәйкес ахуал орталығынан ақ­парат алуға мүмкіндігі бар.

Дағдарыс орталығын паналайтын сту­денттерге жатақхана тәртібі бойынша қойылар талаптарда өзгешелік жоқ. Өзге жатақханалар секілді мұнда да есік 23.00-де жабылады. Осы уақыттан кейін жа­тақ­­­­хана, хостел қызметкерлері студент­тер­дің бөлмеде бар-жоғын тексеріп, тәр­­­тіпті қадағалайды. Ал жұмыс істейтін сту­денттер үшін жұмыс орнынан анық­тама талап етіледі. 

Алматылық белсенді студент Айсұлу Сьез­хан жатақхана мәселесі таяу арада то­лық шешімін таппаса да, жағдай оң­тай­ланып жатқанына қуанады. Алайда бұл тақырыпқа келгенде «әттеген-ай» дей­тін оқиғалардың кездесетінін де жа­сыр­майды.

– Былтыр «Қазақ әдебиеті» газетінен Асылан Қуанышұлының материалын оқып қалдым. Студенттер жатақханаға ор­­­наласқан. Өкінішке қарай, бірнеше күн­нен кейін басшылық шетелден кел­ген студенттерді қамтамасыз етеміз деп қа­зақстандық студенттерді жатақханадан қуып шығарған. Соның әсерінен сту­дент­тер күнелтетін орын таппаған. Соңын­да оқуын жалғастыра алмай, ауы­лына қайтуға мәжбүр болған. Бұл сту­дент­тің білім сапасына әсер етеді. Ең бірін­шіден, тұрғылықты жатын орны, шә­кіртақысы, тамақтануы қамтылуы ке­рек. Материалдық жағдай студенттің ру­хани өсуіне, жеке тұлға ретінде да­муы­на ықпал етеді. Сондықтан осындай дағ­дарыс орталығының ашылғанына қуа­ныштымын, –дейді ол. Айсұлу са­бақ­қа күнделікті барып-келуі ыңғайлы болу үшін Алматыдан хостелдер іздестіре бастаған. Бағаларын көргеннен кейін ше­шімін өзгерткен Айсұлу мұндай баға сту­дент қалтасы үшін ауырлық түсірмей ме деп алаңдайды:

– Хостелдер кемі 30-40 мыңнан бас­тап әрі қарай өсе береді. Орташа бағада 40 мың теңгеге таба аласыз деп ойлай­мын. Өйткені өзім де күзден бастап жа­тақ­хана немесе хостелге шығамын ба деп ба­ғаларын салыстырып көрген едім. Оның үстіне, кейбір хостелдер оқу ор­ны­нан тым алшақ орналасқан, – дейді Ай­сұлу Сьезхан. Ал Ғылым және жоғары бі­лім министрі Саясат Нұрбек Алматы қа­ласында күні кеше өткен жатақ­ха­на­ның ашылуында жатақхана тапшы­лы­ғы­ның жоғары екенін, осы мәселе ая­сын­да екі бағыт бойынша жұмыс атқа­ры­лып жатқанын айтқан еді. Біріншіден, же­­кеменшік хостелдер және қонақүйлер­мен келісімшартқа қол қойған. Жасалған келісімшарт арқылы 10 мыңнан астам тө­сек-орын табылып отыр. Екіншіден, қа­лада жер тапшылығы бар. Сондықтан екін­ші бағыт қайта жөндеу жұмыстарына ар­налады. Бизнесі құлдыраған акаде­мия­лық немесе жекеменшік ғимарат­-тар­да қайта жөндеу жұмыстары жүргізі­ле­тін болады. 

Алматы қаласы бойынша жаңа оқу жы­лына дейін 1 600-ге жуық орынды қам­­­­титын 5 жатақхана студенттер қолда­ны­сына беріледі. Оның ішінде жаңадан са­лынғаны немесе жөндеуден өткендері бар. Сонымен қатар мемлекет жыл соңы­на дейін 4 мыңға жуық студентті тұрақ­ты баспанамен қуантпақ. Яғни, бірінші се­местр аяқталғанша тағы 14 нысанның құ­рылысы аяқталып, студенттер игілі­гі­не табысталады.

Алтынай БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,

Алматы қаласы

© коллаж: Елдар ҚАБА