Сыр өңірінде газдандыру жұмысы кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Алғашында солтүстік аудан­дар­ды көгілдір отынға қосу бастамасы сәтті жүзеге асы­рылып, жұртшылық көмір жағудың тауқыметінен ары­л­ған болатын.
Газдандыру: биыл не істеледі?
1,356
оқылды

Ең алғаш 1995 жылы Құмкөл ке­ні­шін игеруге шетелдік инвес­тор­лар тартыла бастады. Соның негі­зін­де аталмыш компания кеніштерінде ілес­пе газды пайдалануға қатысты бір­қа­тар шара жүзеге асырылып, 2004 жы­лы «Қызылорда қаласының жылу-қуат көздерін және тұрғын үй секторын ілес­пе газға көшіру» жобасы бастау ал­ды. Жүйелі жұмыстардың нәти­же­сін­де 2014-2015 жылдары Тасбөгет кен­ті, Арал, Қазалы, Шиелі, Жаңақорған ау­дан­дарының орталықтары газға қосыл­ды. Артынша облыс орталығына жақын орн­аласқан Белкөл кенті мен Талсуат елді мекенінің халқы да көгілдір отын­ның игілігін көре бастады. 

Сыр өңіріндегі серпінді жоба 2019-2020 жылдар аралығында Арал­дағы Жақсықылыш кенті, Шие­лі­дегі Байсын және Қазалыдағы Ғ.Мұрат­баев елді мекені мен қалаға қарасты Қа­рауылтөбе ауылында жалғасын тап­ты. Ал 2021 жылы облыс орталығымен ір­гелес қоныстанған Жосалы, Жалағаш жә­не Тереңөзек кенттерінің халқы кө­гіл­дір отынмен қамтылды. Сондай-ақ Шиелі ауданындағы Ш.Қодаманов пен Н.Бекежанов ауылдарына да газ құбыры тартылды. 

Өткен жылдың өзінде өміршең жо­балар өз деңгейінде жүзеге асырылды деп айтуға негіз бар. Былтыр өңірде 10 жо­ба қаржыландырылды. Оған қала ау­мағындағы Ж.Маханбетов пен Нау­рыз, Жаңақорғандағы Бірлік пен Қы­раш, Арал өңіріндегі Сексеуіл кенті, Қар­­мақшы ауданындағы Төретам мен Ақай ауылы, Қазалыдағы Басықара, Жалаңтөс Баһадүр және Қ.Пірімов елді мекендері, Шиелідегі М.Шоқай ауы­лын­дағы газ тарату стансасын салу жұ­мыс­­тары қолға алынды. Нәтижесінде, 589 шақырым газ құбыры тартылып, игі­лігін ел көре бастады». 

«Жыл қорытындысымен облыс тұр­ғындарын газбен қамту көрсеткіші 72 пайыз­ды құраса, ауыл халқының газға қол жеткізу деңгейі 42 пайызға жеткен. Жал­пы, өңірдегі 4 қала 100 пайыз газ­дандырылса, 230 елді мекеннің 22 ауы­лы көгілдір отынға қол жеткізген. Биыл да мұндай жұмыстар жалғасын тауып жа­тыр», – деп мәлімдеді Қызылорда об­лы­сының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқар­масы басшысының орынбасары Олжас Исмалаев.

Бұл тұрғыда Қызылорда облы­сы­ның энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бас­қар­ма­сының мәлімдеуінше, өткен жылы 14 жобаны жүзеге асыруға 8,7 млрд тең­ге қаралып, толығымен игеріліпті. Со­ның нәтижесінде 7 жоба ел игілігіне бері­ліпті.

«2022 жылдың екінші жартыжыл­ды­ғы­нан бастап Қармақшы ауданы Төре­там кенті мен Ақай ауылы, Арал ауданы Сек­сеуіл кентін газдандыру «АГРС» ор­нату жобасы жүзеге асырылуда. Ал 2023 жылы 26 газбен жабдықтау жо­ба­ла­рын жүзеге асыруға 8,3 млрд теңге бө­лінді. Оның ішінде республикалық бюд­жеттен 7,3 млрд теңге, облыстық бюд­жеттен  1,1 млрд теңге қаралды. Бұл қар­жыға 2022 жылы  басталған 6 жоба жал­ғасса, 19 жаңа жобаның құрылысы бас­талады. Нәтижесінде, 2023 жылдың соңын­да 12 елді мекеннің, яғни Төре­там, Ақай, Махамбетов, Абай, Досан, Қал­жан ахун, Бірлік, Қыраш, Жайылма, Құт­тықожа, Шалқия, Кейден ауыл­да­ры­ның газдандыру жобасы аяқталып, 40 мы­ңға жуық тұрғын табиғи газдың игі­лігін көретін болады», – деп түсін­дір­ді бұл жайында Олжас Қаласұлы.

Басқарманың мәліметіне сәйкес, 2024-2026 жылға арналған рес­пуб­ликалық бюджетті қалыптастыруда  18 жобаның құрылысын қаржыландыру жоспарланып отыр. Оған қажетті 10,2 млрд теңгеге  бюджеттік өтінім де ұсы­ныл­ған. Басқарма тарапынан осылай деп мәлімдеп отыр. Бұған қоса, 2024 жыл­ға қосымша 2 жобаның құрылысын қар­жыландыруға 0,9 млрд теңгеге бюд­жеттік өтінім тапсырылған. 

Нәтижесінде,  алдағы уақытта тағы 20 жобаның құрылысы қарқын алады деп күтілуде. Бұл  жобаларды қаржылан­дыру­ға тиісті министрлікке 11,1 млрд тең­геге бюджеттік өтінім жолданған.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ,

Қызылорда облысы