Мақсот осыдан алты жыл бұрын Атырау облыстық перзентханасында 1 келі 260 грамм салмақпен дүниеге келген.
Бір келі болып дүниеге келген батыр бала Мақсот бүгін бірінші сыныпқа барды
1,670
оқылды

Ұлының өз құрдастарымен бірге өсіп, жетіліп мектепке барғанына қуанған ата-анасы перзентхана мамандарына әлі күнге дейін алғыс айтумен келеді.

«Мақсот – біздің екінші ұлымыз. Ең алғашқы рет бөпемді көргенде қатты қорықтым. Кіп-кішкентай шақалақты қалай ұстаймын дейтінмін. Шыны керек, арманым – бөпемді қолыма алу болатын.  Қазір сол ұлым 6 жасқа жетті. Салмағы – 26 келі. Спортты жақсы көреді. Тәубе деймін. Бірінші Алла, екінші Атырау облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлеріне алғысым шексіз», – дейді анасы Гүлзира. 

Балақай бүгін Атырау қаласындағы №5 Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектептің бірінші сыныбына барды. 

Ба

Арманы – әйгілі футболшы болу.