Ханчжоу қаласында өтетін ХІХ жазғы Азия ойындарына Ресей мен Беларусь спортшылары қатыстырылмайтын болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ресей мен Беларусь спортшылары Азия ойындарына қатыспайды
1,585
оқылды

Ресей мен Беларусь спортшыларының қатыспауы жайлы шешімді Халықаралық Олимпиада комитеті қабылдаған. 

Бұған дейін Азияның олимпиадалық кеңесінің бас ассамблеясы Бангкокте сайыстарға қонақ ретінде Ресей мен Беларусьтен 500-ге жуық спортшы қатысатынын айтқан. Олар 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына қатысуға үміткер екен.