Қорытындысы бойынша тексеру материалдары процестік шешім қабылдау үшін сотқа беріледі.
Атырауда құны 67 миллион теңге болатын заңсыз темекі өнімдері анықталды
1,056
оқылды
Атырауда құны 67 млн теңге болатын заңсыз темекі өнімдері анықталды.

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің рейдтік іс-шаралары барысында 67 178 454 теңге сомасына 96 069 қорап заңсыз темекі бұйымдары анықталды.

"Кәсіпорын өз қызметін мемлекеттік кірістер органдарында темекі өнімдерін көтерме сатушы ретінде тіркеусіз жүзеге асырды. Бүгінде салықтық тақырыптық тексеру актісі жасалды", – делінген Мемлекеттік кірістер комитеті таратқан хабарламада.