Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Самат Нұртаза Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған маңызды мәселерге пікір білдірді.
«Президент Жолдауынан 3 мәселені түртіп алдым» – Самат Нұртаза, депутат
725
оқылды

«Президенттің жолдауында көптеген маңызды заттар айтылды. Халық күткен Жолдау болды. «Ай, осыны айтуға ертерек қой» деген мәселелерді Президентіміз айтып салды. Ашықтық. Батылдық. Өз басым 3 басты мәселені түртіп алдым.

Кәмелетке толмаған балаларға зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны қатаңдату.

Менің ойымша, Президент болашақ ұрпақ үшін уайымдай отыра, көбейіп кеткен зорлық-зомбылықтың алдын алғысы келді. Өте дұрыс шешім. Өкінішке қарай, бізде кейбір салғырттықтың нәтижесінде, қылмыскерлер босап та жатыр. Педофилдардың ылаңын ойласаң, шашың тік тұрады. Қатты айтсаң демократтар шулайды, жұмсартсаң ұрпақтың ертеңі үшін уайымдайсың. Сондықтан осы мәселені бір жақты қылғаны дұрыс.

Құқықтық органдар кіші және орта бизнесті мазаламау керек.

Менің ойымша бұл миллиондаған қазақтың батасын алған сөз. Базардағы кішкентай бутиктан бастап, кафенің иесіне дейін, қазір Қасым-Жомарт Кемелұлына алғыс пен рахмет жаудырып жатыр. Бопсаламай, қорқытпай, шұқыламай кіші және орта бизнеске тиіспесе, адамдар өз ісін өздері домалата береді. Сондықтан, Президентіміздің осындай пәрменін қуана қарсы алдым.

АЭС салу.

Бұл тақырып халықты екі топқа бөлгендіктен, Президент таңдауды қоғамға берді. «Таңда!», «Өзің көр!», «Сезін!» деді Президент. Дұрыс. Халық өз таңдауының нәтижесін көру керек. Халық жауапкершілік дегенді мойынына алып, билікпен бірге елдің қамын ойлауға ат салысу керек. Қарсылар жеңсе АЭСсіз өмір сүреміз. Жақтастар жеңсе АЭСпен өмір сүреміз. Бітті.» – деп жазды Мәжіліс депутаты.