Жол-көлік оқиғасы кеше, 1 қыркүйекте болған.
Атырау облысында жол апатынан бір адам қайтыс болып, алтауы ауруханаға жеткізілді
691
оқылды

Атырау облысында жол апатынан бір адам мерт болып, алтауы ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

 

Департамент мәліметінше, жол-көлік оқиғасы кеше, 1 қыркүйекте болған.

«Жергілікті уақытпен сағат 16:30 шамасында Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 48-шақырымы тұсында Toyotа Camry мен Lada Priora автокөлігі соқтығысты. Жол апатының салдарынан Lada Priora автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында мерт болды. Ал, Тoyota Camry автокөлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушысы, Lada Priora көлігінің бір жолаушысы Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді», – делінген хабарламада.