Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Ринат Заитов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған негізгі мәселелерге назар аударып, пікір білдірді.
Президенттің көп тапсырмасы тиісті деңгейінде орындалып жатқан жоқ – Ринат Заитов
1,064
оқылды

«Қазақстан Республикасы Президентінің бүгінгі Жолдауы көкейде жүрген көптеген сұраққа жауап берді. Мемлекеттің қарқынды дамуына септігін тигізетін бірнеше жаңа бағыттар анықталды.

Депутат қана емес, қатардағы азамат ретінде де Жолдаудан жақсы бастамалар көрдім.
Ең бірінші АЭС салу мәселесін халықтық референдумда қарау. Өте оңды шешім. Енді халық өзі таңдасын! Демократиялық қоғамды осылай ғана қалыптастыра аламыз.

Екінші қорғаныс саласын күшейту. Бұл да өте қажетті қадам. Айналамыз аласапыран болып жатқан кезеңде алдыңғы орында мемлекеттің қауіпсіздігі тұру керек. Ол үшін біздің қарулы күштер жаңа техникамен, соңғы үлгідегі қару-жарақпен қамтамасыз етілуі керек.

Үшіншіауылды дамыту. Президент өз жолдауында ауыл халқына шаруышылығын дамытуға барынша жағдай жасауды тапсырды. Аймақтар үшін бұл жақсы жаңалық.

Әрине, жолдауда қамтылған барлық мәселелерді бір постпен талқылау мүмкін емес. Алдағы уақытта оны түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүре жатар. Менің айтқым келгені, ендігі кезек үкімет пен парламентте. Мемлекеттің дамуы Президенттің Жолдауындағы сөз бен орындаушылардың ісіне жалғасса ғана қарқындайтынын естен шығармайық. Жасыратыны жоқ, Президенттің көп тапсырмасы тиісті деңгейінде орындалып жатқан жоқ. Сондықтан біз қоғам болып жұмылып, тапсырмалардың орындалуына атсалысу керекпіз. Сонда ғана аталған мақсаттарға қол жеткіземіз!» – деп жазды депутат Instagram әлеуметтік желісінде.