Алматыда Бостандық ауданы Нұрлы шағын ауданындағы жұмыс істемейтін монша кешенінде жоғары дәрежелі өрт орын алды.
Алматыда екі қабатты монша өртенді
523
оқылды

Жедел штаб ашылып, өртті сөндірудің екі учаскесі құрылды. 66 адам, 22 бірлік техника жұмылдырылған. 

Жалын 2 қыркүйек күні 23:00 шамасында басталып, 3 қыркүйек 00:27-де оқшауланды, сағат 01:20-да жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, жақын маңдағы үйлерге таралмады.

"Екі қабатты ағаш ғимараты өртенді. Алау – 600 шаршы метр. Ғимарат бұзылып, құлай бастады. Өрттің екі тұрғын үйге ауысу қаупі туындады. Жоғары температурадан көп пәтерлі үйдің екінші және үшінші қабаттарының балкондары ери бастады", – деп хабарлады Алматы ТЖД.