Парламент Сенатының депутаты Геннадий Шиповских биылғы Жолдаудың басты бағыты экономикалық блог болғанын айтты.
Біз саяси реформалардан экономикалық реформаларға көшіп жатырмыз - депутат
460
оқылды

"Парламенттің қоспалаталық отырысын еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ашып, өзінің Қазақстан халқына жолдауын жасады. Жолдаудың басты бағыты экономикалық блог болды. Яғни біз қазір саяси реформалардан экономикалық реформаларға көшіп жатырмыз. Еліміздің дамуына эконмикалық серпіліс беретін уақыт келді", - деді депутат.

Ол Жолдауда көптеген маңызды мәселелер айтылғанын атап өтті.

"Басты маңызды жаңалықтар бұл болашақта “Су ресурстары министрлігінің”құрылуы. Себебі елімізде және тіпті әлем бойынша су тапшылығы мәселесі күрделеніп бара жатыр. Екінші басты жаңалық бұл қайтадан “Көлік-логистика министрлігінің” құрылуы. Менің ойымша бұл мәселе баяғыдан бері логистика саласында жүрген барлық қызметкерлерді толғандыруда. Мемлекетіміздің көлік потенциалы өте жоғары және біз оны толығымен іске асыра алмай жатырмыз. Ал министрлік қайтадан құрылса,логистиканың барлық саласын дұрыстап әрі тиімді пайдалануға болады", - деді Геннадий Шиповских.