Иранда 23 депутат коронавирус жұқтырған
Иранда 23 депутат коронавирус жұқтырған
© 24.kz
317
оқылды
Қазірдің өзінде Иран парламентінің 23 мүшесі коронавирус жұқтырды, деп хабарлады YJC спикердің көмекшісі Абдолрез Месриге сілтеме жасап, - деп жазады 24.kz. Соңғы мәліметтер бойынша, 19 ақпаннан бастап Иранда коронавирустық инфекцияның 1501 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 66 адам көз жұмып, 291 адам дертінен айықты. Иран билігі аурудың одан әрі таралуы мүмкін екенін болжап отыр. Сонымен қатар парламент депутаттары халықпен байланыс жасауды шектейді. Месридің айтуынша, палата өз жұмысын жалғастыра береді.