Бүгіннен бастап WhatsApp мессенджерінде Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың ТЖ министрлігінің жеке құрамына арналған тікелей телефон нөмері іске қосылды. Бұл туралы Aikyn.kz ТЖМ-не сілтеме жасап хабарлайды.
Министрдің WhatsApp нөміріне тікелей хабарласуға болады
3,062
оқылды

ТЖМ аумақтық бөлімшелері, ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері, сонымен қатар азаматтық қорғау органдарының ардагерлері + 7 747 651 75 88 нөмірі бойынша жедел және шұғыл шешімді талап ететін өздерін қызықтыратын және проблемалық сұрақтарды министрге тікелей жолдауына болады. 

Сұрақ мәселенің түпкі негізін көрсететін нақты және түсінікті болуы қажет. Хабарламаны жіберген кезде өзі туралы деректерді: аты-жөні мен лауазымын, тұрғылықты өңірді көрсету керек.

Фото: gov.kz