Шымкент полицейлері шетелде 7 жылдан астам уақыт жасырынып жүрген алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Шетелде 7 жыл жасырынып жүрген алаяқ сотталды
703
оқылды

Polisia.kz-тің дерегінше, 2015 жылдың тамыз айында қалалық ішкі істер басқармасына Сайрам тұрғыны арызданды. 

Жәбірленушінің айтуынша, оның танысы емдеу мекемелеріне 30 адамды жұмысқа орналастырамын деп уәде еткен. Алданып қалғанын білмей, таныстарына жұмысқа орналасуға көмектескісі келген әйел қаскүнем мен оның құрбандары арасында делдал болған. 

Осылайша, ер адам сенгіш азаматтардың 26 400 долларын иемденіп кеткен. Тергеу барысында куәгерлер де растады. 

Жедел уәкілдер 60-қа жуық адамнан жауап алды. Оның ішінде туыстары, көршілері және оның орналасқан жері туралы хабардар болуы мүмкін адамдар сұралды. Алайда нәтиже болмады. Былтыр бұл фактіні тергеуді полицей Асылжан Ирисметов қолына алды. 

Қаратау аудандық полиция басқармасының тергеушісі жинақталған материалдарды зерделеп, іздеуді қайта жалғастырды. 

Халықаралық іздестіру нәтижесінде, 49 жастағы күдікті Өзбекстанда қылмыстық қудалаудан жасырынып жүргені анықталды. 

Желтоқсан айында ол Шымкентке депортацияланды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін, қылмыстық істің 4 томы сотқа жолданды. 

Сот үкімімен ер адам 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Жәбірленуші полицейге алғыс айтты. 

Фото: ktk.kz