Ұлттық банк басшысы Ғалымжан Пірматов қызметінен босатылды.
Ұлттық банктің басшысы ауысты
1,217
оқылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Олжаұлы Пірматов Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Сенат отырысында Тимур Сүлейменов Ұлттық банк төрағасы болып сайланды.

Тимур Сүлейменов 1978 жылы 5 сәуірде туған. 

2000 жылы  Павлодар мемлекеттік университетін тәмамдаған.

2002 жылы Р. Смит Мерилендск университетінің (АҚШ) бизнес мектебінің қаржы мамандығы бойынша бизнес магистры дәрежесі берілді.

2002-2006 жж. – «Эрнст энд Янг Қазақстан» аудиторлық компаниясында салық департаментінің маманы, кеңесшісі, аға кеңесшісі болып қызмет атқарды.   

2006 жылы «ҚазМұнайГаз» БарлауӨндіру» акционерлік қоғамының қаржылық есептілікті дайындау департаментіне ауысқан. Кейін бөлім басшысы, одан кейін салықтық есеп және салықтық жоспарлау департаменті директоры болды.

2009 жылдың наурызы мен 2010 жылдың наурызында – Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі болды. Бюджеттің кірістілік бөлігін болжау және салық саясаты, мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы саясат, кәсіпкерлік қызметті, халықаралық қатынасты дамыту мәселелеріне жетекшілік етті.

2010 жылдың наурызы мен 2012 жылдың ақпаны – Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда вице-министрі. Вице-министр қызметін атқарғанда халықаралық қатынастар, оның ішінде халықаралық экономикалық бірігуді реттеу, ішкі сауда мен сыртқы сауда қызметін дамыту және реттеу саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселелеріне жетекшілік етті.

2009-2012 жылдары – Бүкіләлемдік банктің Қазақстан бойынша басқарушысының орынбасары және ЕДҚБ-ның Қазақстан бойынша басқарушысының орынбасары.   

2012 жылдың ақпаны-2012 жылдың желтоқсаны – Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржылық саясат жөніндегі алқа мүшесі. 

2016 жылдың 28 желтоқсанынан – 2019 жылдың 25 ақпанына дейін – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі.   

2019 жылдың 2 наурызынан бастап – Қазақстан Ұлттық банк төрағасының орынбасары.  

2019 жылдың 22 наурызынан – Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі.  

2019 жылдың 22 шілдесінен – Қазақстан Республикасы  Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары.

2020 жылдың 1 қаңтарынан - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

«Ерен енбегi үшiн», Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің «Еуразиялық экономикалық одақты құрудағы еңбегі үшін» I дәрежелі медалі, В. И. Вернадскийдің РАЕН ордені (Ресей), Қазақстан, Ресей мен Қырғызстанның қоғамдық және ведомстволық наградаларымен  марапатталған.