Алматыда химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектебі жақында «World Robot Olimpiad-2023» әлем чемпионатының ұлттық кезеңі теңізде және құрлықта қауіпсіздік пен тиімді логистиканы қамтамасыз етуге бағытталған инновациялық жобаларды әзірлеген жас инженерлердің алаңына айналды.
WRO-2023: Әлемді біріктіретін ұшқыр инженерлік жобалар зертханасы
699
оқылды

Республикалық біріншіліктің шығармашылық санатында қазылар алқасына  ұсынылған стартаптардың авторлары цифрлық технологиялар арқылы әлемді біріктіру және жақсарту үшін өз шешімдерін ұсынады:

- Өткен жылы әлем мұхитында 10 000-нан астам контейнер жоғалып кетті, олардың 1500-нің  бортында улы заттар болды, бұл жағдай экологияға үлкен қатер тудырады. Біз осы бағытта кемелерді құтқару жүйесін жасадық. Ол кемелерді жинайды, және Қазақстанның ең үздік нейрондық желілерін пайдалана отырып таратады. Жобаның мақсаты– жасанды интеллектті пайдалану арқылы теңіздегі логистикалық компаниялардың тиімділігі мен өнімділігін арттыру, - дейді сайыстың «Future Innovators”  санатында 2-орынды иеленген Астанадағы NIS IB шәкірттері, ACRS ақылды жүйесінің авторлары Аусарбеков Әділет пен  Құрманғазы Әлиәмір.

Балалар сонымен қатар мұхиттағы қоқыстарды бақылауға көмектесетін сандық картаны ойластырды.

Тараз қаласындағы NIS-тің жас конструкторлары да Қазақстан мен әлемдегі экологиялық ахуалдың жақсаруына өз үлестерін қосуға ниетті. Ұшқышсыз жүзу аппараттарының жүйесін 10-сынып оқушылары, чемпионаттың «Future Innovators” санатының үздіктер рейтингін бастап тұрған  Аймер  Кошмаметов пен Алияр Сағындықов ұсынады:

- Біз мұнайдың төгілу жағдайларын жиі естиміз, бұл тарапта   теңізді тазартудың дәстүрлі әдістерінің тиімділігі аз. Каспий теңізінің 5% - нан астамында мұнай дақтарын көруге болады. Мұның басты себебі-мұнай көлігіндегі апаттар. Біз осындай қатерлі жағдайлар туындағанда мұнайдың теңізге төгілуін болдырмау үшін теңіз көліктерін  роботтармен жабдықтауды ұсынамыз. Төтенше жағдай кезінде бұл дрондар фондық тосқауыл жасайды, кемені қоршайды және арнайы техника келгенге дейін мұнайдың төгілуіне жол бермейді.

Алматы қаласындағы химиялық-биологиялық бағытындағы Зияткерлік мектептің 9-сынып оқушылары Дархан Қаракұлов пен Дінмұхамед Көшербаев теңіз логистикасын экономикалық тұрғыдан жақсарту идеясын қарастырып, робототехника мен бағдарламалауды түйістірген "Автоматтандырылған порт краны" жобасын әзірледі.

- Жоба порттар мен теңіз логистикасындағы операциялардың қауіпсіздігін жақсартуға және қамтамасыз етуге бағытталған. Біз контейнерлерді тиімді және тез жылжытуға бағытталған автоматтандырылған кран үлгісін ұсынамыз, бұл жұмыс уақытын қысқартады, еңбек шығынын азайтып, порт қызметінің жалпы өнімділігін арттырады, - деді Дінмұхамед Көшербаев.

  "World Robot Olimpiad-2023"-тің  ұлттық чемпионатының қорытындысын қазылар алқасы төрт санат бойынша  жеңімпаздар  мен жүлдегерлерді  анықтады. Республикамыздың барлық өңірінен келген қатысушылардың  ішінен топ жарып 24 команда жүлдегер қатарынан табылса, 32 топ үздік рейтингіне кірді.  1-орынға ие болғандар "World Robot Olimpiad-2023"  әлемдік олимпиадаға  үстіміздегі жылдың қараша айында Панама еліне аттанады.