Атырау облыстық дін істері басқармасының мемлекеттік тапсырысы аясында ашылған радио Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы өкілдігімен бірлесе жұмыс істейді.
Атырауда діни, рухани-танымдық бағыттағы Аzan радиосы ашылды
761
оқылды

Радионың арнайы ашылу салтанатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы және ҚМДБ сараптама бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Евфратұлы, зиялы қауым өкілдері мен журналистер қатысты.

ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлының айтуынша, асыл дініміздің құндылықтарын насихаттап, қоғамға пайдалы ақпараттармен насихаттауда радионың орны зор.

«Адамға насихат ең бірінші құлақпен есту арқылы жетеді. Сол себепті жаңа істеріңіз берекелі болсын», – деді Сансызбай Құрбанұлы.

Радио интернет арқылы ақпарат таратады.

Баян Жанұзақова