Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтті. Онда сенаторлар Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасын тағайындауына келісім беру туралы мәселені қарады.
Ұлттық банк төрағасын тағайындауына келісім берді
519
оқылды

Конституцияға сәйкес Президенттің Ұлттық банк төрағасын тағайындауына келісім беру Сенаттың ерекше қарауына жатады.

Соған байланысты Мемлекет басшысының Ұлттық банк төрағасы лауазымына Тимур Сүлей­меновті тағайындауға келісім беру туралы ұсынуын Президент Әкімшілігінің Басшысы Олжас Бектенов оқып берді.

Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов ұсынылған кандидатура алдын ала комитет отырысында қаралып, талқылан­ғанын, соның нәтижесінде Сенатқа Президент ұсы­­нуын қолдауға ұсыныс беру туралы шешім қабылданғанын атап өтті.

Осыған орай палата отырысында Сенат депу­таттары Мемлекет басшысының Ұлттық банк төра­ғасы қызметіне Тимур Сүлейменовті тағайындауына келісім берді.