Жолдауда айтылған әрбір тап-сырма уақыт жоғалтпай істелуге тиіс. Өйткені өнеркәсібі өркендеген елдің өндірісі алға адымдай берері анық.
Құрылыс саласына жаңа кодекс қабылдаған дұрыс
578
оқылды

Кеше Президент те бұл туралы жақсы айтты. Сол үшін өндірісті дамыту мәселесін күн тәртібіне қою қажеттігін жеткізді. Бұл – өте орынды айтылған үндеу. Себебі өндіріс пен құрылыс бірге жүреді. Өкінішке қарай, қазір жеңіл өнеркәсіп тоқтап қалды. Кезінде ауылдағы жүн, тері, ет өнеркәсібі жүріп тұрғанда халық шаруашылықпен айналысты. Қазір ауыл халқы жүнді айтпағанда, картоп егуді қойды. Сондықтан азық-түліктің бағасы өсіп жатыр. Осы күні жұрттың аузынан тек қымбатшылық туралы ғана еститін болдық. Себебі халық жеміс-жидек пен көкөніс еккенді қойды. Бұрын ауданда дайындау мекемелері жұмыс істейтін. Олар жиын-терін кезінде ауыл адамдарының өнімдерін сатып алып, ауданға дайындау бөлімдеріне барып өндіретін. Ары қарай қаладағы өнеркәсіптерге, азық-түлік дүкендеріне тапсыратын. Осы арқылы ауыл адамдары өз өнімдерінен қосымша ақша табатын еді. Мысалы, сол кездері 15 қойы бар адамдар көктемгі жүннің 12-20 келісін өткізіп, көліктің жарты бағасын шығаратын. Қазір жүн мен тері қажетке жарамайды. Өткен жолы сауалыма жауап берген Ауыл шаруа­шылығы министрі жүннің 7 пайызы ғана өндірілетінін айтты. Ал кешегі қиын заманда сиырдың терісін, тұяғын, мүйізіне дейін өндіріп, сабын жасай­тын. Сол үшін ауыл халқының еңбегін еш кетірмеу үшін дайындау меке­ме­лерін қайта даярлау қажет. 

Қазір ауыл адамдары баласын мектепке киіндіру үшін малын қалаға апарып сатады. Екі ортада өздері шығынға ұшырайды. Бұрын ет пен малды ауылдан шықпай өткізетінбіз. Етті таразыға салып өлшеп, қолма-қол ақшасын төлеп алып кететін. Меніңше, өзімізде шығарылатын өнімді даярлап, дұрыс сақтай алсақ, дүкен сөрелерінде отандық азық-түлік артар еді. Өнер­кәсіп және құрылыс министрлігі, Су министрлігінің өз алдына жеке ми­нистрлік болып құрылуы да саладағы қор­даланған көп мәселенің оң шеші-леріне септігін тигізеді деген сенімде-мін. Үкімет жұмысына заң тұрғысынан қолдау білдіріп, көмек қолын созуға даярмыз. Қажет болса құрылыс саласына қатысты кодекс қа­былдайтын уақыт келді. Себебі біз әлі күнге дейін Кеңес үкіметіндегі кодексті қажетке жаратып жүрміз. Салдарынан құрылыс сапасыз. Сұрау жоқ, қадағалау жоқ. Ал шетелде жобалық институт мердігер компанияны өзі таңдап алады. Содан кейін оның жұмысын өзі қадағалайды. Авторлық бақылау деген осы. Техникалық бақылау да өзіне міндеттелген әрбір жұмыстың сапа­сына басымен жауап береді. Ал бізде жобалық институттар жоба жасайды, ақшасын алып алады. Ары қарай шаруа­сы жоқ. Негізінде, бізге де шетел­дегідей бастадың ба, сапасына дейін соңына жауап беретін жауапкершілік жүктеу керек. 

Кеше бір бауырым «Ел жылда елу елдің қатарына кіре аламыз ба?» деп сұ­рақ қойды. Егер біз қазір жер қой­науымыздағы табиғи байлықты баға­лап, дұрыс қолдана білсек, кәдеге жа­рата алсақ, 50 емес, ондықтың қатарына оп-оңай кірген болар едік. Сондықтан болашаққа үлкен сенім артамын. Жолдауда кадрлық тағайындаулар туралы мәселе де өте орынды айтылды. Бұл айтқанды да Үкімет өз жөнімен орындай алса, не істеп, не айтып отыр­ғанын білмейтін басшылардан таза­рары сөзсіз. Жолдаудың ерекшелігі де осында деп ойлаймын.

Лұқбек Тұмашинов,

Мәжіліс депутаты