Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауы экономикалық жаңғыруға бағытталды.
«Қарызсыз қоғам»тиімділігін көрсетті
665
оқылды

Халық­тың көптен күткені де экономика­лық даму еді. Әлбетте, ішкі-сырт­қы саяси тұрақтылық болмаса, әлеуметтік-экономикалық даму мүмкін емес. Ең бастысы, Пре­зидент Жолдауларының жергі­лікті жерлерде қолдау тауып қоймай, шешімін де табуы керек. Президент ең алдымен былтырдан бері жүргізілген саяси реформалар туралы айтып, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы барынша орныққаны, алдағы уақытта «Халық үніне құлақ аса­тын мемлекет» қағидатын нақты іске асыруымыз қажеттігін айтты. Бұл жерде Парламенттің рөлі ерекше екеніне мән берді.  Сон­дай-ақ экономика мен адам құ­қығын қорғау саласында маңызды қадамдар жасалғанына тоқталды. 

Мемлекет басшысы эконо­мика­лық жаңғыруға бет бұру қажеттігіне назар аударды. Мем­лекет экономикалық еркіндікке көшпекші. Әлі күнге шикізатқа тәуелділіктен арыла алмай келе жатқанымыз бен инновацияның жеткіліксіздігі, еңбек өнімді­лігінің төмендігі жасырын емес. Соның салдарынан өндіріс, қайта өңдеу, ауыл шаруашылығы, жал­пы барлық дерлік салада айтар­лық­тай даму байқалмады. Пре­зидент өзі бастап жұртшылықтың ұлттық табыстың игілігін көру үшін күрделі мәселелердің нақты шешу жолдарын көрсетті. Енді макроэкономикалық тұрақты­лықты қамтамасыз ету, экономи­каны әртараптандыру және ци­фр­ландыру қолға алынды. Мак­ро­экономикалық тұрақты­лықты қамтамасыз ету  – жалақы, жұ­мыс­сыздық, баға, табыс, ин­фля­ция, салық сияқты дүниелер мем­лекет деңгейінде қарас­тырылатын экономикалық рә­сімдер. Экономиканы әртарап­тандыру жан-жақты  дамуға жол ашуы тиіс. Ал цифрландыру жүйесі ашықтықты қамтамасыз етеді. Сондықтан дамыған ел боламыз десек, саяси реформа­лармен шектеліп қалмауымыз керек. Осы жұмысты түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік-эко­номикалық реформаға ұштастыру қажет екенін айтты. 

Сонымен бірге Мемлекет басшы­сы еліміз нақты секторға берілетін кредит азайып жатқанда банктер тұтыну несие­сімен әуестеніп кет­кенін айтты. Осы жағдай азамат­тардың шектен тыс қарызға ба­туына әкеп соқ­тырды.

«Менің 2019 жылы 500 мың азаматтың кепілсіз несиесін ке­шіру туралы шешімім және жа­қын­да қабылданған жеке тұлға­лардың банкроттығы туралы заң мәселені біршама реттеді. Бірақ ахуалды біржола түзеу үшін жаңа­дан жүйелі шаралар қабылдау қажет. Сонымен қатар азаматтар­дың қаржы сауатын арттыру өте маңызды», – деді. Бүгінде  «AMANAT» партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасын жүзе­ге асыруда. Соның нәтижесінде еліміздің 8 аймағында 20 мыңнан астам адам қаржылық сауатын арттырды. Олардың көпшілігі – 10 және одан да көп несие алған адамдар. Бұл жоба аз уақытта өзі­нің тиім­ділігін көрсетті. Осы­ған орай Мем­лекет басшысы Үкі­метке  «AMANAT»  партиясы­мен бір­лесіп, оның ауқымын кеңейтуді тапсырды.  

Орта білімнің сапасы – та­бысты ұлт болудың маңызды шарты. Өскелең ұрпақтың білімді болуы мен жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасайтын «Жай­лы мектеп» жобасы бастау алды. Бүгінде осы «Жайлы мектеп» жо­басы аясында 400-ге жуық мектеп салынады. Қазір ауылдық жерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қолға алын­ды. Соның арқасында жаңа жылдан бастап балалардың есеп­шотына қаражат түсе бас­тайды. Әр бала­ның есепшотына қаражат ау­дарылатыны, жас ұрпақтың болашағына назар салғаны барша балалар мен ата-аналарды қуан­тып жатыр. Жол­даудың жақсы­лығын бүлдіршіндер мен оқушы­лар, студенттер мен педагогтер, зейнеткерлер, жалпы әлеумет көреді.