Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банктің басшылығына жаңа төраға Тимур Сүлей­ме­новті таныстырды.
Ұлттық банкке жүктелген міндет жоғары
1,115
оқылды

Президент жаңадан тағайындалған басшының қаржы-эко­но­микалық бағытта мол тәжірибесі бар екенін және қаржы реттеушісінің қызметін же­тік білетінін атап өтті.

Мемлекет басшысы атқарған жұмысы үшін Ғалымжан Пірматовқа алғыс айтып, қабылданған шаралардың нәтижесінде макроэкономикалық, қаржылық тұрақтылық қамтамасыз етілгенін атап өтті.

Президент Ұлттық банкке инфляцияны төмен­дету, қаржы технологиялары мен инновацияны дамыту және келесі жылы ұлттық төлем жүйесін толыққанды іске қосу жөнінде маңызды міндеттер жүктелгенін хабарлады.

– Біз бизнесті жеткілікті дәрежеде несиелен­діруді қамтамасыз ету міндетін көтергенімізге бір жыл ғана болған жоқ. Бұл жұмысты жеделдету қа­жеттігі жөнінде мен Қазақстан халқына Жол­дауымда мәлімдедім. Аталған мәселе бойынша тең­герімді шешім табу, жаңа тәсілдерді, құралдар мен тетіктерді енгізу ісін белсенді түрде ынталан­дыру маңызды. Халықаралық қаржылық ынтымақ­тас­тыққа және Ұлттық банктің үшінші елдердің орта­лық банктерімен және қаржы институттарымен өзара іс-әрекетіне қатысты мәселелерге ерекше на­зар аудару қажет. Қазіргі геосаяси жағдайда елі­міздің қаржы жүйесіне жаһандық реттеушілердің қы­зығушылығы артып келеді. Сондықтан осындай қа­рым-қатынас орнатуда теңгерімді әрі тиімді жол табу және елдің қаржылық қауіпсіздігі үшін тәуе­келдер мен салдарға тиісті баға беруді қамтамасыз ету маңызды, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банктің ұжымы жүк­телген барлық міндетті жүзеге асыра алатынына сенім білдірді.