Абақтыда азаптау азаймай тұр.
Сотталғандарды ұрып-соғу: Ақмола облыстық прокуратурасы тергеуді бастады
981
оқылды

Ақмола облысында сотталғандарға қатысты күш қолдану дерегі бойынша прокуратура сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы Aikyn.kz Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.

2023 жылғы 3 қыркүйекте әлеуметтік желіде Атбасар ауданының №1 түзеу мекемесі қызметкерлерінің сотталғандарға қатысты күш қолданғаны туралы бейнероликтер жарияланған. 

Осы факті бойынша Ақмола облысының прокуратурасы ҚК 146-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады (қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынас, азаптаулар). Осы күні прокуратура өкілдері бірінші кезектегі жедел-іздестіру шараларын жүзеге асырумен аталған мекемеге барды. Сараптамалар тағайындалды, нәтижесі тергеуден соң белгілі болады.