Ақтөбеде пәтерден екі адамның мәйіті табылды

Ақтөбеде екі адамның мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Polisia.kz-тің мәліметінше, кеше сағат 20.00 шамасында Ақтөбе қаласы Гришина көшесіндегі 5 қабатты үйдің пәтерінен заңды некеде тұрған 64 жастағы ер адам мен 70 жастағы әйелдің зорлықпен өлтірілген мәйіті табылды.

Екі адамды өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті анықталып, ұсталды. Сараптамалар тағайындалды.