Бұл азаматтар ауыр қарыздан құтылды.
Банкрот болған қазақстандықтардың тізімі жарияланды
4,695
оқылды

4 қыркүйектен бастап Қазақстанда банкрот деп танылған азаматтардың тізімдері жариялана бастады.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша, қазірдің өзінде берешегі 435 млн теңгені құрайтын (кредиттік бюроның мәліметі бойынша) 309 адам банкрот деп танылды.

Аталған азаматтарға 1414 қызметі бойынша sms-хабарлама арқылы соттан тыс банкроттық рәсімінің аяқталғаны және банкрот деп танылуы туралы хабарлама келіп түсті, сондай-ақ олар туралы ақпарат eGov порталында орналастырылды.

Банкрот деп танылған азаматтардың 22-сі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы болса, 232-сі бес жылдан астам несие қарыздарын өтей алмай жүргендер.

Банкрот деп танылған тұлғалардың орташа жасы 40 жасты құрайды. Бүгінде банкротқа ұшырағандардың ең жасы 1 миллион теңгеден астам қарызы бар Қызылорда облысының тұрғыны, ол 23 жаста. Ал ең қарт банкрот болған азамат Маңғыстау облысының 65 жастағы тұрғыны болды, оның 3 миллион теңгеден астам қарызы есептен шығарылады.

Бұл азаматтар ауыр қарыздан құтылды.

Дегенмен бұл рәсімнің келесі салдары бар – бес жыл ішінде жаңа несие алуға тыйым салынған және мұндай азаматтардың үстінен үш жыл бойы қаржылық мониторинг жүргізіледі.

Коллаж: Halyq Uni