Оны тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.
Ақтөбе облысының тұрғындары белгісіз газдан уланып жатыр
877
оқылды
Кеңқияқ ауылы тұрғындарының басы айналып, өткір иістен жаппай құса бастаған. Жағдайы ауырлаған 8 адам ауруханаға жеткізілген.

Темір ауданына қарасты бес ауылда кеше газ құбырына жөндеу жүргізілген. Көгілдір отынға иіс беретін одарант химиялық қоспасын жіберіп, жүйені тексерген. Бұдан соң Кеңқияқтың тұрғындарының басы айналып, өткір иістен жаппай құса бастаған. Жағдайы ауырлағандарға жедел жәрдем шақырып, әбігерге түсіпті. Бұл маңда қара алтын мен газ шығаратын өндіріс орындары көп. Бірақ өңірдегі экология департамент өкілдері олардың ешбірінде апат болмағанын айтады. Бар гәп ауыл ішіне тартылған газ құбырында көрінеді. Ал оны тексеру үшін арнайы комиссия құрылды, – деп хабарлайды КТК.

"Бұл үйге тартылған табиғи газдан. Содан адамдарға иіс тиіп жатыр. Бұл бір өнеркәсіппен, сол маңдағы ауыл маңдағы өнеркәсіпте болған қандай да бір оқиға емес", – деп хабарлады Ақтөбе облысы экология департаментінің бөлім басшысы Тұрар Қожанов.