Елімізде қазір 97 мың тәрбиеші бар.
Тәрбиешілердің жалақысы осы айда 30%-ға өседі
2,559
оқылды

Қыркүйектен бастап мектепке дейінгі тәрбие және білім беру педагогтерінің жалақысы тағы 30%-ға өседі. Елімізде қазір 97 мың тәрбиеші бар, – деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі.

Жалақыны жыл сайын арттыру 2020 жылдың қаңтарынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып келеді.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің кадрлық әлеуетін күшейту мақсатында 20 390 педагог кәсіби біліктіліктерін арттырады. 79 мектепке дейінгі ұйымда «Құзырет орталықтары» жұмыс істейді. Мұнда тәрбиешілер өзара тәжірибе алмасып, үздік жұмыстарымен бөліседі.

Сонымен қатар, Үкімет балабақшаларда жаңа орындар ашу бойынша шаралар қабылдап жатыр. Жыл басынан бері 29 620 орынға арналған 307 мектепке дейінгі ұйым пайдалануға берілді. Жыл аяғына дейін балабақшаларда барлығы 81 мың, ал 2025 жылға дейін 223 мың жаңа орын ашу жоспарланып отыр.