Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Ақтөбе тұрғыны өз үйінің ауласынан БТР патронын тауып алды
1,004
оқылды

Ақтөбе тұрғыны өз үйінің ауласынан БТР патронын тауып алды, – деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

 

5 қыркүйек күні 102 арнасына жергілікті тұрғын хабарласып, өз үйінің ауласында жер қазып жатып, бронетранспортердің патронына ұқсас затты тауып алғанын айтты.

«Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы қажетті іздестіру іс-шараларын өткізді.  Тексеру барысында БТР зениттік қондырғыларының жиырма сантиметрлік патроны анықталды», – делінген хабарламада.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.