Алынған контрафактілік өнім жойылды.
ШҚО-да контрафактілік алкогольді сатылымға шығарып отырған екі цех жойылды
1,189
оқылды

Шығыс Қазақстан облысында контрафактілік алкогольді сатылымға шығарып отырған екі цех жойылды.

ШҚО Экономикалық тергеу департаменті облыс прокуратурасының үйлестіруімен алкогольді өнімдерді жасап шығаратын жасырын цех ұйымдастырғандардың заңсыз әрекеттеріне тосқауыл қойды.

«Жүргізілген тінту барысында қолдан жасалған алкогольді дайындайтын құрал-жабдықтар мен ыдыстар, 4 000 есепке алу-бақылау маркалары және әртүрлі атаулары бар 10 000 бөтелке алкогольді өнім тәркіленді. Өскемен қалалық №2 сотының үкімімен қолдан жасалған есепке алу-бақылау маркаларды пайдаланғаны, заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны үшін ұйымдастырушы және оның сыбайластарына бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Алынған контрафактілік өнім жойылды», – деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметінен.