Мемлекет басшысы Эко­ло­гия және табиғи ресурс­тар министрі Ерлан Нысан­баев­ты қабылдады.
Орманшылардың біліктілігін арттыру маңызды
1,131
оқылды

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа эколо­гия­лық заңнаманы жүзеге асыруға жә­­не табиғи ресурстарды сақ­тау­­ға қатысты бірқатар тапсырма берд­і.

Президент Ірі кәсіпорын­дар­дың шығарын­ды­ларын азайту жө­ніндегі жоспардың іске асы­рыл­уын, сондай-ақ осы нысан­дар­дағы шығарын­ды­ларға мо­ни­торинг жасау үшін автоматтан­дырыл­ған жүйе енгізу ісін ерекше бақылауға алуды тап­сырды.

Мемлекет басшысы ми­нис­тр­­лікке қарасты ве­­­­­домстволық ұйым­дардың материалдық-тех­ни­­­ка­лық базасын жақсарту және ұлт­тық парк­тер­дегі орман өрті ошақтарын ерте анықтау жүйе­­лерін те­зірек енгізу, сондай-ақ  ор­ман шаруа­шылығы қыз­мет­­керлерінің біліктілігін арт­тыру жө­нінде жүйе­лі шаралар қа­был­дау қа­жет­тігін атап өтті.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев ағаш отыр­ғызуға қатысты ауқымды бағдарламаны жүзе­ге асыру және ретсіз пайда болған қоқыс поли­гон­дары мә­селесін шешудің кешенді тәсіл­дерін әзір­леу маңызды екеніне на­зар аударды.