Бас прокуратурада балалардың құқын қорғау үшін IT-технологияларды қолдану мәселесі талқыланды.
Жапа шеккен, өгей әкесімен бірге тұратын балалардың құқын қорғайды
1,077
оқылды

Бас прокурордың төрағалығымен балалар қауіпсіздігі мәселелері бойынша министрліктер басшылары мен Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қатысуымен ведомствоаралық кеңес өтті. Бұл туралы Aikyn.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кеңесте балалардың жарақат алуының себебі, кәмелетке толмағандар арасындағы балалар суицидінің және қылмыстың алдын алу жөніндегі жұмыс талқыланды.

Сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау және отбасыларға қолдау көрсету үшін IT-технологияларды пайдаланудың жаңа тәсілдері қарастырылды.

Бас прокуратура құқық бұзушылықтың алдын алу шараларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін «Е-превенция» жобасын таныстырды.

Жасөспірімдер қылмысының алдын алу мәселелерінде бағдарлама тәртібі қиын жасөспірімдердің өмір сүру жағдайларын, бос уақытын, білім алу мүмкіндіктерін, әлеуметтік мәселелердің болуын зерттеуге мүмкіндік береді.

Кәмелетке толмағандарды қорлаудың алдын алу үшін қолайсыз отбасыларға, көпбалалы отбасыларға және балалар өгей әкесімен бірге тұратын отбасыларға іс жүзінде бару қамтамасыз етіледі.

Жүйе мүдделі органдар: полиция, білім беру, әлеуметтік қызметкерлер арасындағы өзара іс-қимылдың жеткілікті деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұл жоба елордада және Ақтөбе облысында сыналуда.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сондай-ақ мемлекеттік органдардың 80-нен астам дерекқоры біріктірілген «Отбасының цифрлық картасының» мүмкіндіктерін ұсынылды.

Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева зорлық-зомбылық, қатыгездік, балалардың терезеден құлауы, балалар мекемелерін лицензиялау және буллинг мәселелері бойынша 50-ден астам түзетулерді қамтитын балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты заңнамалық сипаттағы ұсыныстар келтірді.

Мемлекеттік органдар бұл ұсыныстарды жұмыс тобының отырыстарында талқылайды.

Іс-шара соңында Бас Прокурор Берік Асылов пен Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева меморандумға қол қойды. Тараптар өзара ынтымақтастық туралы уағдаласты.