Алматы облысында атыс болып, бір адам қаза тапты.
Алматы облысында атыс болды: бір адам қаза тапты
1,228
оқылды

Алматы облысында атыс болып, бір адам қаза тапты. Бұл туралы Алматы облысының Полиция департаменті бастығы Бауыржан Әленов Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

7 қыркүйекте Іле орталық аудандық ауруханасына қарудан алған жарақатпен төрт жергілікті тұрғын түскен. Тағы бір адам ауруханаға жетпей, жолда қаза тапты.

"Бұл деректер ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтiру) және ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша тіркелді. Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысқандарды ұстады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта сараптамалық тексерулер тағайындалып, барлық қажетті тергеу шарасы жүргізіліп жатыр.

"Аймақтағы жағдай тұрақты және бақылауда", – деді Бауыржан Әленов.