Елордада 9-10 қыркүйек аралығында Атырау облысының ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өтеді.
Астанада Атырау ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
1,105
оқылды

Елордада 9-10 қыркүйек аралығында Атырау облысының ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өтеді.

Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, жәрмеңкеде ет және сүт өнімдерінің 17, балық және балық өнімдерінің 48, бау-бақша өнімдерінің 12 түрі, барлығы 72 тонна ауыл шаруашылығы тауары ұсынылады. Жәрмеңке Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 50 мекенжайында, Қазақ Ұлттық өнер университетінің аумағында өтеді. 

Айта кетейік, өткен жылы жәрмеңкеге Атырау облысынан  110 тонна ауыл шаруашылығы өнімі, оның ішінде 44 тонна балық қойылған болатын.