Террористік қауіп-қатерге жиі ұшырайтын – жастар.
"6 мың жасөспірім деструктивті қоғамдастыққа  кірген": ҰҚК мәлімдеме жасады
1,354
оқылды

 

ҰҚК төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаев терроризмге қарсы Шанхай ұйымының құрылымы ынтымақтастық кеңесінің 40-отырысында биыл Қазақстанда 80 мыңға жуық жас деструктивті қауымдастықтардың құрамында болғанын мәлімдеді. 

ҰҚК төрағасының орынбасары терроризмді интернет-насихаттау белең алғанын айтты. 

"Террористік қауіп-қатерге жиі ұшырайтын – жастар. Деструктивті қоғамдастықтардағы 80 мыңға жуық адамның  6 мыңға жуығы 18 жасқа толмаған”, – деді Сейсембаев.

Сараптамалық бағалауларға сәйкес, интернетте 10 мың экстремистік электрондық алаң бар. 

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов