Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай жарқылдайды
8 қыркүйекте ауа райына байланысты бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
590
оқылды

Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23-28 м/с дейін жетеді.

9 қыркүйек күні Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысып, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Шымкент қаласында 9 қыркүйекте оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа қарай ауысып, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Сол күні Түркістан қаласында оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

9 қыркүйекте Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, түнде облыстың шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. 9 қыркүйекте облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі бар. Жезқазған қаласында 9 қыркүйекте оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысып, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Өте жоғары өрт қаупі сақталады.

9 қыркүйекте күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдайды. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жел екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23-28 м/с дейін жетеді. Сол күні күндіз Көкшетау қаласында кей уақытта қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

9 қыркүйекте Астанада кей уақытта найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 17-22 м/с.

9 қыркүйек күні Атырау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

9 қыркүйекте түнде Ақтөбе облысының шығысында найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ақтөбе қаласында 9 қыркүйекте солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.

9 қыркүйекте күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Сол күні облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар. Облыстың оңтүстік-батысында, шығысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

9 қыркүйекте Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдайды. Облыстың солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. 9 қыркүйекте облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Сол күні күндіз Қарағанды қаласында найзағай жарқылдайды. Түнде және таңертең тұман түседі.

9 қыркүйекте Қызылорда облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. 9-11 қыркүйек күндері Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар. Қызылорда қаласында 9-11 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

9 қыркүйек күні Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Күндіз облыстың солтүстігінде бұршақ түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. 9 қыркүйекте күндіз Қостанай қаласында кей уақытта қатты жаңбыр жауады.

9 қыркүйекте түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. 9 қыркүйекте Павлодар облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

9 қыркүйекте күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, ал облыстың оңтүстігінде, батысында қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың оңтүстігінде, батысында, күндіз оңтүстік, батыс, солтүстік бөлігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында бұршақ жауады. Шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің күші 15-20 м/с болады, ал оңтүстік, батыс бөлігінде екпіні 25 м/с.

Петропавл қаласында 9 қыркүйекте күндіз найзағай ойнайды. Шығыстан жел соғып, күндіз екпіні15-20 м/с дейін жетеді.