Шымкент қаласында соңғы жыл­­дары жол құрылысы, көпірлер салу, айналма жол құрылыстары қарқынды жүрді. Соның бірі – тұрғындар көптен күткен Бәйдібек би даңғылындағы айналма жол.
Жолайрықтар кептелісті азайтады
1,324
оқылды

Жақында жаңадан тағайындалған қала әкімі Ғабит Сыз­­­­дықбековтың тапсырмасымен Бәй­­­­дібек би – Арғын­беков көше­­­­­ле­­­­­­рінің қиылысында үш деңгейлі жо­­лай­­­­­­рықтың ең жоғары эстакадасы – Бәй­­ді­­­­бек би даңғылы көлік қозға­­­­лысына ашылды. Оқу жылының бас­­­­­­талуына орай көлік қозғалысы жиі­­­­леген соң құрылыс қарқыны да күшейтілген болатын.

«Құрылысқа алпауыт компаниялар ғана тартылмауы тиіс»

Дәл қазір үшінші мегаполисте авто­­­көлік ағыны көбейіп тұр. Еліміз бойынша бұл мәселеде Шымкент қаласы көш бастап тұрғандықтан, соңғы жылдары жол құры­­­лысына басымдық берілген. Бұл жолайрық та қалада кептелісті азай­тып, көліктерге қо­­­лайлы жағдай жа­сайтын бір­ден-бір маңызды жоба бола­тын. Жоспарға сәйкес жолайрық үш деңгейлі. Төменгі деңгейде – Арғынбеков көшесі, жоғары деңгейде – Бәйдібек би даңғылы, ортаңғы деңгейде – оң жақ бұрылыстар мен сақиналы жол орна­ласатын болады.

Бүгінде жолайрық құрылысы белгі­ленген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстарын ыңғайластыра оты­рып, көліктердің қозғалысына кептелісті азайту мақсатында жол кезең-кезеңімен пайдалануға беріліп жатыр. Бұдан бұрын 15 мамыр күні халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында Арғынбеков көшесі ашылған болатын.

Бүгінде жоспарланған жол құрылыс жұмыстары 80 пайызға орындалған. Енді жолайрық құрылысын толық аяқтап, көліктің барлық бағыттағы қозғалысын қамтамасыз ету жыл соңына жоспарланып отыр.

Нысанға арнайы барып, құрылыс барысын қадағалаған Ғабит Әбдімажитұлы жауаптыларға жұмыстарды мерзімінде аяқтап, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін бағдаршамдар мен жүргіншілер жолын ретке келтіру, жол белгілерін дер кезінде орнату бойынша арнайы тапсырма берді. Онымен қоса, жол құрылысы жұ­­­мыстарына тек алпауыт монополистерді емес, заң шеңберінде рұқсат етілген шағын және орта компанияларды да жұмылдыру қажет екеніне тоқталды. Пандустарды да арнайы талаптарға сай салуды тапсырып, ерекше жандардың қауіпсіздігіне назар аударды.

Сондай-ақ қала әкімі жауаптыларға құ­рылыс барысында жолайрық айна­ласына жиналатын жауын-шашын суының деңгейіне қарай ирригациялық жүйелердің жүктемесі мен су өткізу қабілетін қа­­да­ғалап, қазірден қолай­сыз­дықтардың ал­дын алуды жүктеді.

Ирригация салу құрылысы қарқынды 

Осы тұста айта кетейік, Шымкентте ир­ри­гациялық жұмыстар да қарқын алған. Тұран ауданындағы 41 көшеге биыл 24 ша­қырымды құрайтын ирригациялық жұ­­мыс­тар жүргізу жоспарланған. Қазір Қа­­­­­­­­­­­­­­­­зығұрт, Наурыз, 112 орам аумағындағы 9 көшеге жалпы ұзындығы 5,5 шақы­рымнан тұратын ирригация салынып, пайдалануға берілді.

Олар – Қазығұрт елді мекені бойынша Жандарбеков, Төлебаев, Баянауыл және атауы жоқ көшелер болса, 112 орамнан – Аманжолов, Нарадоволцов, Темірқазық көшелері, Наурыз шағын ауданынан – Жанкент көшесі, Түркістан шағын ауда­­нынан – Жанқожа батыр көшесі.

Ал қалған 25 көшеде қазір ирригация салу құрылыс жұмыстары қарқынды жалғасуда. Сондай-ақ 8 көшеге мемле­­­­кеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп жа­­тыр. Аталған жұмыстар биылғы қазан айын­­да толығымен аяқталып, пайдалануға берілмек. 

Қазір қаланың оңтүстік бағытындағы жалғыз кірме-шығыс жолында жүктемені азайту мақсатында 15,5 шақырымдық Қонаев даңғылының жалғасы салынуда. Жоба бойынша нысан 6 кезеңнен тұрады. Бүгінде жұмыстардың 30 пайызы атқа­­рылған. Жалпы, құрылыс жұмыс­тарына 53 адам, 20 техника жұмылдырылып отыр.

Қонаев даңғылы жалғасының 5-кезеңі Бадам өзенінен әскери бөлімінің тұсына дейінгі аумақты қамтиды. Бұл аралықтың ұзындығы – 4,7 шақырым, ені – 42 метр, 6  жолақты. Ал нысанының 6-кезеңі әс­ке­ри бөлімнің тұсынан ПК-132 дейінгі аралық, бұл кезеңнің ұзындығы – 8,5 шақырым, ені – 15 метр, 4 жолақты.

Аталған кезеңде қазір автомобиль жолының жер төсемдері салынуда. Бри­гадалар жерасты суы өтетін темір­бетонды құбырын орнату жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар қазір Бадам өзенінен өтетін көпірді Саттарханов көше­сімен қо­су жұмыстары іске асырылуда.

Шымкент қаласында жүріп жатқан тағы бір жол құрылысы – Ташкент – Алматы бағытында қаланы айналып өтетін негізгі магистралды А-2 автомобиль жо­лын қайта жаңарту жұмыстары. Аталған жол – 31 шақырым, 8 кезең бойынша жол құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде 1 және 3-кезеңінің құрылыс жұмыстары мен Бадам өзенінен өтетін көпірдің құрылысы аяқталған. Шілде айында Ынтымақ шағын ауданына бара­тын жол қиылысынан Темірлан тасжолына дейінгі аралықты қамтитын 2-кезеңі толық аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілген болатын. Жыл соңына дейін 4-кезеңді толығымен аяқтау жоспарланып отыр.

А-2 айналма тасжолының 4-кезеңі Темірлан тасжолынан Бадам өзеніндегі көпірге дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы ұзындығы 1,86 шақырымды құрайтын автомобиль жолының ені – 35,5 метр, 6 жо­лақты. Жолдың екі жағынан да арық, жасыл аймақ, тротуар салу, көшені жарық­тандыру жұмыстары жүргізілуде. А-2 ай­налма тасжолын қайта құру жұмыстары 82 пайызға орындалған.

Ауқымды жоба – Оңтүстік айналма жолы

Шымкент қаласы маңындағы ірі жол-көлік инфрақұрылымының бірі – Оңтүстік айналма жолы салынуда. Айналма жолдың құрылысы Леңгір тасжолынан бастап КХ-15 облыстық маңызы бар автожолына дейінгі аралықты қамтиды. Ұзындығы 16 шақырымды құрайтын айналма жол бар­лық транзиттік көлікті қала сыртымен жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қа­­­­­тар мегаполис көшелеріндегі және қала маңындағы кептелісті азайтып, эколо­­­­­­гия­лық жағдайды жақсартады. Оған қоса, жол бойында орналасқан елді мекендерде ша­ғын кәсіпкерліктің дамуына ықпал етеді деп күтілуде.

Жоба бойынша көшенің ені 9 метрді құрайды.

Бүгінде Шымкент – Ташкент жолында қиылысатын бөлігінде көпір салынып, жол­­­дың негізі дайындалған. Жол құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен іске асыры­лып отыр. Бұл жоба қаламыздың инфра­құрылымын дамыту мақсатындағы қажетті жобаның бірі болып есептеледі. Құрылыс жыл соңына дейін бітуі тиіс.

Ал дәл қазір сонымен қатар Адырбеков көшесінің қайта құру жұмыстарына кіретін Мәделі Қожа мен Жібек жолы көшелері аралығында аяқжолдар, ирригациялық латок орнату, жер төсемін дайындау жұ­мыстары атқарылуда.

Жоба бойынша, жалпы ұзындығы 3,74 ша­­­қырымдық жол Алдияров кө­­­ше­сінен Т.Рысқұлов көшесіне дейінгі ара­лық­­ты қамтиды. Ені 23 метр 4 жолақты жолдың екі жағында ирригациялық жүйе мен жасыл аймақ, тротуар, жарық шамдар көзделген. Бүгінде құрылыс жұмыстары 76 пайызға орындалып тұр. Адырбеков көшесін қайта құру жұмыстары 2023 жылы то­лы­ғымен аяқталып, пайдалануға беру жоспарланған.

 Үшінші мегаполисте жол қозғалысын реттеуге қатысты осындай ауқымды шара­лар атқарылуда. 

Назгүл НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы