8 қыркүйекке дейін Қазақстанда 4,8 млн гектар астық жиналды.
Қазақстанның солтүстік өңірінде қолайсыз ауа райы бидай сапасына қауіп төндіріп тұр
585
оқылды

Қазақстанның солтүстік өңірінде нөсер жаңбыр мен үсік түріндегі қолайсыз ауа райы салдары бидай сапасына кері әсер етуі мүмкін,  деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

 

Қазақстанның негізгі астық егетін өңірлері – Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында соңғы екі аптада жауын-шашын толастамай тұр. Қазгидрометтің болжамы көңіл көншітпейді: жауын-шашын 17 қыркүйекке дейін жалғасып, аяз түседі, соның салдарынан солтүстік өңірлерде жаңа дәннің өніп кетуі және ылғалдың жоғарылығынан сапасының төмен болу қаупі бар.

«Қазір біздің басты міндетіміз – ауа райы қолайсыздығының салдарын азайтып, фермерлерге барлық қажетті қолдауды көрсету және келесі жылға сапалы тұқым қорын қамтамасыз ету»,  деді Айдарбек Сапаров егін жинау науқаны жөнінде жедел штабтың отырысында. 

Аталған жиында министр орын алуы ықтимал шығынның көлемін мейлінше азайту үшін мынадай шараларды жүзеге асыруды тапсырды:

егін жинау науқанында фермерлер үшін астықты кептіруге қажетті дизель отынының қолжетімділігін қамтамасыз ету;

ауа райының қолайсыздығынан зардап шеккен фермерлердің несиелерін ұзарту;

 субсидиялар бойынша қарыздарды жабу мәселелерін қарастыру. 

Шұғыл келіп түскен деректер бойынша, 8 қыркүйекке дейін Қазақстанда 4,8 млн гектар астық жиналды, бұл жалпы егіс алқабының  28%-ы. Орташа өнімділігі 10 ц/га болған кезде, 4,8 млн тонна астық жиналды.