Сағат 1.00-де сенбілікке қатысушылар жинаған 150 тоннадан астам қоқыс полигонға шығарылды.
Семейде тазалық науқаны басталды
940
оқылды

Бүгін  Семей қаласында күзгі экологиялық айлық аясында ауқымды жалпықалалық сенбілік өтті. Оған  Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов, сондай-ақ 3 мыңнан астам кәсіпорын мен 8 мыңға жуық қала тұрғындары қатысты. 

Сенбілікке қала тұрғындары, мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік ұйымдардың, жоғары және орта оқу орындарының, шағын және орта бизнес субъектілерінің, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару органдарының қызметкерлері, жеке сектордың үй иелері шықты. 

Бүгінгі сенбілікте көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындары ерекше белсенділік танытты. Сондай-ақ облыстық қалалық әкімдіктің мамандары қаланың шеткері аумақтарында сенбілік өткізді. Қала әкімі  Нұрбол Нұрсағатов Бобровка мен Жоламан кентіндегі сенбілікке қатысып, қала тұрғындарымен бірлесіп қоқыстарды тазалады.

Санитарлық тазалауды және қоқысты жинауды қамтамасыз етуге арнайы техника, оның ішінде 20 тиегіш пен 60 самосвал көлігі жұмылдырылды.

Сағат 12.00-де сенбілікке қатысушылар жинаған 150 тоннадан астам қоқыс полигонға шығарылды.

Семей қаласы әкімінің аппараты бүгінгі сенбілікке қатысқан қаламыздың барлық қамқор тұрғындарына өз алғысын білдіреді. Тазалық өзімізден басталады!