Өрттің шығу себебі – тіркеменің дөңгелегі жарылып, жел салдарынан ашық жалын пайда болған.
Қызылорда облысында жүк көлігі толығымен жанып кетті
627
оқылды

Қызылорда облысында қауын тиелген жүк көлігі толығымен жанып кетті.

Оқиға «Батыс Еуропа  Батыс Қытай» тасжолының 1 872 шақырымында болды.

«Шиелі ауданынан Ресейге бет алған  Volvo FH  шыққан жүк автокөлігінің тіркемесі толығымен жанды. Өрттің шығу себебі  тіркеменің дөңгелегі жарылып, жел салдарынан ашық жалын пайда болған. Ол тіркемеге тиіп өртенген. Тіркемеде қауын тиелген. Өрт сөндірушілер күшімен толықтай сөндірілді»,  деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.