31 тамызда Түркияның Бурса қаласында түрік азаматын өлтірді деген күдікпен ҚР азаматы ұсталды.
Түркияда Қазақстан азаматы түрік көңілдесін өлтірген
985
оқылды

ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бурсада түрік азаматын өлтірді деген күдікпен ұсталған 1993 жылғы жерлесіміз марқұммен бірге бір үйде тұрған.

"Қазір тергеу жүріп жатыр. Ол 2018 жылдан бері Түркияда тұрады. Марқұм - онымен бірге бір үйде тұрған көңіл қосқан адамы. Кезекті тұрмыстық жанжал кезінде бойжеткен оған пышақ сілтеген", - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Айта кетсек, 2023 жылы 3 қыркүйекте Аланияда қазақстандық келіншек қызымен бірге жол апатына ұшырап, қаза тапты. Кейін отағасының да ауруханада көз жұмғаны белгілі болды.