Үндістанда алаяқ әйел 27 рет қалталы жігітке тұрмысқа шығып, ақшасын ұрлап, қашып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
27 рет бай-бағланға тұрмысқа шыққан әйел күйеулерінің бар байлығын иеленіп алған
15,089
оқылды

Үндістандық полицейлер ауқатты жігіттерді сан соқтырған алаяқ әйелді іздестіріп жатыр. 

Оқиға Джамму және Кашмир одақтық территориясының Сринагар қаласында болған. Қалталы жігіттердің тақырға отырғызған Аврат есімді келіншектің бірнеше сыбайласы болғаны анықталды. Алаяқтың қитұрқы  ойларын іске асыруға жеңгетайлар көмектескен. Олар қылмыскерге дәулетті жігіттерді тауып, оларға алаяқ келіншекті әйелдікке алуды ұсынған. Тойдан кейін келіншек күйеуінің бар ақшасы мен асыл бұйымдарын алып, қашып кете берген. Осылайша,  ол 27 рет күйеуге тиген. 

Жәбірленушілердің бірі тойдан кейін Авраттың әке-шешесімен кездескісі келетінін айтқан. Басқа күйеуінен емханаға бара жатқан жолда қашып кеткен. Енді бірде алаяқтың жоспары сәтсіздікке ұшырап, ұрлаған ақшасын күйеуінің әкесіне қайтарып беруге мәжбүр болған. Алайда жәбірленушінің ақшасын қалай қайтарып алғаны белгісіз.

Алаяқтың арбауына түскен жігіттер оның ізіне түсуге тырысқан. Іздеу барысында қылмыскерлердің өз есімдерін жасырып, жалған атпен әрекет еткенін, тіпті құжаттары, мекенжайлар мен телефон нөмірлері да жалған болып шыққаны анықталды. Қалыңдық өзін әр кезде әр қалай таныстырған. Бірде Джахин, екінші күйеуі үшін Ильяса болса, үшіншісімен Шахина болып танысқан. Ұрланған ақшаның нақты сомасы белгісіз.