Стансаларды күрделі жөндеуден өткізу үшін келер жылдан бастап жарықтың тарифтері көтерілуі мүмкін. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Энергетика министрінің бұйрығында жазылған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Келер жылдан бастап жарықтың ақшасы қымбаттайды
1,517
оқылды

«2016 жылдан бастап 2022 жылға дейінгі кезеңдегі инфляция коэффициентін ескере отырып, 2024 жылы қуаттылықтың шекті тарифінің деңгейі айына 1 065 мың теңге (қазір 590 мың теңге), 2025 жылы 1 215 мың теңге/МВт болуы тиіс. Бұл саланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етуге және авариялық жөндеудің жиілеп кеткен жағдайларын ескере отырып, Қазақстанның электр стансаларын күрделі жөндеуге қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік береді», - делінген Энергетика министрінің бұйрық-жобасында.

Құжатта жазылғандай, 2015 жылы энергия өндіруші ұйымдар салған инвестициялардың жиынтық көлемі 108 млрд теңге болған.

Бұйрық 22 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауында болады.