Зауыт бар, шикізат жоқ
Зауыт бар, шикізат жоқ
427
оқылды
Тоғыз жолдың тора­бын­да ор­наласқан Шу өңірі – қай кез­де де өзінің өндіріс­тік әлеуеті­мен танылған өл­ке. Сондай-ақ атал­ған ай­­­­маққа қаржы құюға ниет­­­ті инвестор­лар­дың да са­­­ны күн санап артуда. Әри­­не, мұн­дай эконо­ми­ка­лық өсім мен да­му қос қол­­дап қолдауға тұ­­рар­­лық. Алайда кейбір кәсіп­орын­­­дар іске қосылғаны­мен қуат­­ты күші­не шыға ал­май, ай­­да­­лада адас­қан көштің кей­­пін киіп жатқаны қын­жыл­тады. Ал өнді­ріс­­тің тір­­шілігін қара­па­йым шикі­зат­тың тапшы­лы­ғы тұ­ра­­ла­­тып қойғаны жан­ға ба­тып тұр. Шу қаласындағы Kaz-Ir AGRO ЖШС мақсары майын өндіретін кәсіпорны 2011 жылы іске қосыл­ған. Негізгі инвестиция ирандық инвесторлар тарапынан тартылған­дықтан кәсіпорын аталған мемле­кеттің заманауи қондырғы­ларымен жабдықталған. Сондай-ақ гер­ма­ния­лық техника да зауыттың негізгі жұ­мысына жұмылдырылған. 8 гек­тар алқапты алып жатқан кәсіп­орында май цехы, астық және майлы дақылдарды өңдеуге және сақтауға арналған қабылдау пункті және ауыл шаруашылығы техника­ларын сақтайтын қоймалар салын­ған. Осылайша, алғашқы өнімдерін Қытай мен Бельгияға жөнелткен зауыт биыл күншығыс еліне тауар экспорттауды ойлаған еді. Алайда шикізаттың тапшылығынан өндіріс орны өз жоспарын жүзеге асыра алмай отыр. Неліктен? – Жалпы, зауыттың қуаттылығы тәулігіне 3 000 литр май өндіре алады. Тұрақты жұмыс орындары­мен 60 адам қамтамасыз етілген. Жұмысшылар арнайы курстан өтіп, заманауи техниканың тілін жетік меңгерген. Ком­па­ния бүгінгі таңда ел на­ры­ғынан бөлек, Нидерланд, Қытай, Чехия, Ресей және Өзбек­стан елде­рінің сауда айналы­мына шығуда. Алайда шикі­заттың тапшы­лы­ғынан қуатты күш жетпей, кейбір мемле­кет­терге тауар жеткізе алмай отыр. Жапония мем­ле­­кетімен де байланыс жақсы еді, алайда тауардың азды­ғы­нан жұмыс ақсап тұр. Мақсарыны аудандағы шаруа­лар еккенімен, оны бізге өткізбейді. Егістік басынан алыпсатарларға өткеріп жібереді. Содан кәсіпорын­ға шикізат келмей, жұмысымыздың кежегесі кейін тартып тұр. Өткен жаз­да 1 000 гектар жерге мақсары егіп көрген едік, алайда ол да зауыт­ты толыққанды шикізатпен қамти алмады. Қазір жергілікті биліктен қосымша жер сұрап жатырмыз. Билік өкілдері ең болмаса жер берсе, зауытқа қажетті өнімді өзіміз өсі­ріп алар едік, – дейді өндіріс ор­ны­­ның директоры Хамидреза Алинагиян. Шынында кәсіпорынның құры­лымы да, жұмысы да өзгелерден ерек. Оған біз зауытта болған сәті­міз­де анық көз жеткіздік. Мақсары өнімі бір цехта сығылып жатса, екін­ші бөлігінде заманауи қондыр­ғылар майды құтыларға автоматты түрде құйып жатыр. Ирандық қондырғылардың бір ерекшелігі пластмассаны еріту арқылы таза құтыларды өздері жасай береді. – Негізі алдыңғы жылы Kaz-Ir AGRO серіктестігіне ауданнан 2 000 гектар жер бергенбіз. Алайда олар соның 1 000 гектарын ғана мақсары егуге пайдаланып отыр. Басқа жер­лерге жоңышқа, жүгері сияқты өнім­дер егіп тастады. Сондықтан олар­дың бізден жер сұрап, жанай­қайын білдіруіне еш негіз жоқ. Ал өлкедеге мақсары егетін шаруаларға келсек, олар өнімдерін егістік басынан сатып жібереді. Себебі диқандар қолма-қол ақша­мен жұмыс жасағанды құп көреді. Мақсары майын өндіріп отырған зауыт еңбек адамдарына ондай қыз­мет ұсына алмауда. Өйткені оларда барлығы электрон­ды аудар­ма тү­рінде жүргізіледі. Ондай жағдайда тауар өткізушіден қосымша салық сияқ­ты төлемдер ұсталатыны бел­гілі. Міне, шулық шаруалар осыдан қашып, еккен өнімдерін қолма-қол ақшаға өткізіп жатыр. Мұндай жағдайда біздің қолдан келер шара жоқ. Кәсіпорын басшылығына төлемді қолма-қол жүргізу жағын қарастыруға сан мәрте кеңес бер­дік,– дейді Шу ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Жақсыбаев. Осылайша, құзырлы маман кінәні кәсіпорынның өзіне сілтеді. Әрі «аудан қолдан келген көмегін аямай отыр» деп ақталды. Әрине, бағытты басқа жаққа бұрып, ат тонын ала қашу шенділердің әккі әдеті. Сондықтан біз мәселенің анық-қанығына көз жеткізу үшін облыст­ық кәсіпкерлік және индус­триалды-инновациялық дамыту басқармасының есігін қақтық.  

Жергілікті билік инвесторды қолдауға құлықты емес пе?

Журналистік сауалға келгенде жауапты мамандардың «тілден қа­ла­тынына» етіміз үйренген. Об­лыс­тық кәсіпкерлік және индус­триал­ды-инновациялық дамыту басқар­ма­сының мамандары да Шу қала­сындағы өндіріс орнына қатысты жауап беруден жалтарды. Басқар­маның өнеркәсіп және ақпараттық талдау бөлімінің басшысы Талғат Шал­дарбеков бұл түйткілден ха­бар­­дар екенін жеткізіп, алайда анық-қанығын аудандық кәсіп­кер­лік бөлімінен сұрау қажет екенін айтты. Облыстың өнеркәсіп сала­сына жа­уап­ты маманынан осындай жауап есті­геннен кейін амал жоқ Шу ау­дан­дық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөліміне хабарластық. Алайда бөлім басшысы Болатжан Төлен­диев аталған мәселеге қатыс­ты бір бай­лам айта алмай, кінәні ол да инвес­торлардың өздеріне артып отыр. – Негізі, Kaz-Ir AGRO ЖШС-ның басшылары жылай береді. Біз зауытқа қажеттінің бәрін бердік. Сұраған жерін де алып бергенбіз. Алайда олар былтыр жерден қажетті өнім жинай алмады. Сосын шикі­зат­тың жоқтығын айтып, шырыл қағады. Әйтпесе, бұл мәселеден аудан әкімі Жарылқасын Айтақов та хабардар. Қажетті тапсырмасын берген. Сол бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Биылғы көктемде зауытқа тағы көмек берсек дейміз. Бірақ нақты қандай қолдау болатыны әзірге нақ­тыланған жоқ. Ол жағын ақыл­даса шешеміз. Бірақ бір айтарым, шикі­заттың тапшылығына зауыттың өзі кінәлі. Егер біз берген жерді толық пайдаланса, мұндай түйткіл туын­да­мас еді, – дейді Болатжан Бахытұлы. Бөлім басшысының сөзінен аудан­ға келген инвесторға жергілікті билік қолдау білдіруге құлықты емес­тей көрінді. Әйтпесе, миллион­даған қаржы салып жатқан демеуші­нің өзіне бар кінә артқанша, бірле­сіп түйткілдің түйінін неге тарқат­пасқа? Оған қоса зауыт шикізатты тегін емес, теңгесіне сұрап жатқан жоқ па? Ауданның кәсіпкерлік сала­сына жауапты бөлім неге елді мекен­нің шаруаларын мақсары егіп, оны өндіріс орнына өткізуге неге үндей алмай отыр? Егер мұндай қиындық туындайтыны әу бастан белгілі болса, не себепті аймақтан атал­ған зауытты ашуға рұқсат беріл­ді? Сауал көп, жауап жоқ.  

Сыннан сабақ шықпағаны ма?

Шикізаттың тапшылығын көріп, шырыл қағып жатқан Kaz-Ir AGRO ЖШС өңірдегі жалғыз өнді­ріс орны емес. Алдыңғы жылы Жам­­был облысының әкімі Асқар Мыр­зах­метовке Байзақ ауданын­дағы «Рола-7» ЖШС-ның құрыл­тай­шысы Марат Жүнісбеков те жанайқайын жеткізген болатын. Сондай-ақ өсімдік майын шығарып отырған жеке кәсіпкер Марат Есенбаев та шикізат тапшылығынан экспортқа өнім шығара алмай отыр­ғанын айқан-ды. Бұған Асқар Исабекұлы: «Бізде бидай егілмей ме? Не себепті «Рола-7» ЖШС ұнды сырттан тасуы керек? Жеке кәсіпкер Марат Жүнісбековтің де өсімдік майына қажетті күнбағыс Байзақ ауда­нында өсірілмейді деуі қисынға кел­мейді. Сондықтан кәсіпорын­дар­ды қажетті шикізатпен аудан­дардың өздері қамтуы керек» деп нақты тапсырмасын берген. Алайда аталған міндет Шу ауданына жет­пе­ген секілді. Себебі билік өкілдері бар кінәні инвесторлардың өздеріне ауда­рып, «көрмес түйіні де көрмес­тің» кебін киіп отыр. Осыдан бірер жыл бұрын Мойын­құм ауданында сұңғыла шайын шығаратын зауытты Серғазы Қылышбаев есімді кәсіпкер іске қос­қан болатын. Ол Мойынқұм дала­сында өсетін сұңғыла шөбінен денсаулыққа пайдалы шай шығару­ды қолға алып, «Бизнестің жол кар­тасы – 2020» бағдарламасы бо­йын­ша өндіріс орнын заманауи қондырғылармен жабдықтап алған. Алайда бүгінде бұл кәсіпорын жұмы­сын тоқтатты. Оған себеп – шикізаттың тапшылығы. Далада өсетін табиғи өсімдікті шетелдіктер жылда жинап әкетіп, қазір өзімізге дәрі қылып өткізуде. Соның кесі­рі­нен Мойынқұмдағы зауыттың цех­тары қаңырап бос қалып, несие­ге алынған құрылғыларды тот басып жатыр. Дәл сондай Шу ауданындағы «Қаз Мия» ЖШС-ның болашағынан да тұрғындар мол үміт күткен. Алай­­да бес жылдан бері зауыт қуат­ты күшке айнала алмай отыр. Оған да себеп – шикізаттың жоқ­тығы. Нәти­жесінде, қазір жапон­дықтар өң­делген мия тамы­рын өз елдеріне әкетіп, одан дәрі жасап, бізге сат­қа­лы отыр.  

ТҮЙІН:

 

Байыбына бармай, байбалам салудан аулақпыз. Алайда бар за­уыт­ты шикізатпен қамтамасыз ете алмау – облыс пен аудан әкім­деріне үлкен сын. Ертең Kaz-Ir AGRO ЖШС-да сұңғыла мен мия зауыты секілді «тіс­те­геннің аузында, ұста­ғанның қолын­да» кетуі бек мүмкін. Одан кейін өңірде өндіріс саласы өрістеп, халық инвестиция игілігін көріп жатыр деу – бос сөз болады. Осыны сала ма­ман­­дары сезі­ніп, биылғы көктемде серік­тес­тік­ті шикізатпен қамту тетігін табады деп сенеміз. Әйтпесе...

   width=Саятхан САТЫЛҒАН Жамбыл облысы