Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Түркияда ҚР азаматы ұсталғанын хабарлады.
Қазақстандық әйел Түркия азаматын өлтірді деген күдікпен ұсталды
1,461
оқылды

Қылмысқа отбасылық жанжал себеп болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Биыл 31 тамызда Түркияның Бурса қаласында 1993 жылы туған ҚР азаматы түрік азаматын өлтірді деген күдікпен ұсталды. Қазір тергеу жүріп жатыр», – деді Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Inform.kz-тің дерегінше, ұсталған қазақстандық әйел 2018 жылдан бері Түркияда тұрады. Ол қайтыс болған Түркия азаматпен бірге тұрған. Тұрмыстық ұрыс-керіс кезінде әйел оған пышақ сермеген. Бірге тұратын ер адам сол жерде көз жұмған. 

Бұған дейін Түркияда жол апатынан Қазақстанның үш азаматы  қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.