15 тамыз күні «Жастар рухы» ЖҚ мен Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаменті бірлесіп, Жезқазған қаласы бойынша «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Қауіпсіз қала» мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Ұлытаудағы AMANAT партиясы филиалы «Бақытты отбасы» жобасы аясында бірқатар кемшіліктерді түзеді
609
оқылды

Акцияның мақсаты – аудандағы ашық жатқан кәріз құдықтарын, сондай-ақ, ойын алаңдарындағы кемшіліктерді анықтап, оларды тиісті мекемелерге хабарлау, жазатайым оқиғалардың алдын-алуға септесу. 

Осы ретте мониторинг өкілдері қоғамдық және білім орындарының маңындағы ашық жатқан люктерге, ойын алаңдарына және жылдамдық бәсеңдеткіш пен жолақтарға бақылау жасап, олқылықтарды тапты. 

"Әркім өзінің қаласының бүтіндігіне, ажарына, сән-салтанатына мән беріп, назар аударуы тиіс. Әр кемшілікке жанашырлықпен қарап, түзеуге ниет танытсақ, бұл ертеңіміздің жарқын болуына, болашағымыздың кемелдігіне қосқан үлесіміз. Бұл орайда, әрбіріміздің белсенділігіміз маңызды", – деп атап өтті Жезқазған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері азаматтық қорғау лейтенанты Жанабул Асылжан.

Ал «Жастар рухы» ЖҚ төрағасы Талғатбекова Нұргүлдің пайымынша, мұндай жобалар балалар мен қарттардың қауіпсіздігіне де ықпал етеді. 

"Көшедегі шұңқырларға құлап кеткен, ойын алаңдарында сүрініп қалған балаларға қатысты жазатайым оқиғалар туралы күн сайын естіп-біліп жатамыз. Сол тұрғыдан алғанда, "Қауіпсіз қала" жобасының салмағы зор деп айтар едім. Тек бұл іске барша қала тұрғындары үлес қосса деген ұсынысым бар. сонда атқарылған жұмыс жалғасын таба түседі", - деді Нұргүл Ахатқызы.