Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 6 күдіктіні ұстады.
Қостанай облысында арнайы операция кезінде 6 адам ұсталды
1,110
оқылды

Қостанай облысында ҰҚҚКБ қызметкерлері өңірге есірткі жеткізудің жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысында полиция қызметкерлері облыстың бірнеше өңірінде есірткі сатушыларды ұстау бойынша арнайы операция жүргізді.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 6 күдіктіні ұстады. Оның бесеуі уақытша ұстау изольяторына қамалды. Операция бір мезгілде Рудный, Лисаков қалаларында және Қостанай ауданында өтті.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Серік Байгоновтың айтуынша, полиция қызметкерлері санкцияланған тінту жүргізу барысында заңсыз айналымнан өсімдік тектес есірткі заттары, ақша қаражаты, оның ішінде шетел валютасы, темекі шегетін түтіктер тәркіленді.

Осы дерек бойынша полиция ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлімінде көзделген (Есірткі заттарын, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу және сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Тергеу барысында күдіктілердің облыстың қалалары мен аудандарының аумағында есірткі сатқаны, олардың жұмысы үйлестірілгені анықталды. Қазіргі уақытта сараптамалар тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.