Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының оты­рысы өтті.
Сенат отырысының күн тәртібі айқындалды
769
оқылды

Онда депутаттар Мемлекет басшысы Жолдауда белгілеп берген мін­дет­терді ескере отырып, Палата жұмысының жаңа сессиядағы басымдықтарын тал­қылады. Сондай-ақ іс-шара барысында 14 қыркүйек күні өтетін Сенат оты­рысы­ның күн тәртібі айқындалды.

Бюро отырысында депутаттар VIIІ шақы­рылымдағы Парламенттің ІІ сессиясына арналған Сенаттың жаңартылған негізгі іс-шаралар жос­парын талқылады. Осыған байланысты Мәулен Әшімбаев сенаторларды ашық және транспарентті форматта жұмыс істеуге, әріптестерімен және сарапшылар қауымдастығымен бірлесіп, диалог алаңдарына белсенді қатысуға шақырды.

«Сенаттың ІІ сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспары Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында жүктелген міндеттер ескеріле отырып пысықталды. Бұл іс-шаралар мүдделі тараптардың, сарапшылардың, әртүрлі саладағы мамандардың және бизнес өкілдерінің қатысуымен ашық түрде өтуге тиіс. Мәслихат өкілдерін бірлескен заң шы­ғару жұмысына белсенді жұмылдырудың да маңызы зор», – деді Мәулен Әшімбаев.

Айта кетейік, Сенаттың алдағы отырысында депутаттар халықаралық қызметке қатысты бір­қатар заңды қарайды.

Сонымен қатар Бюро отырысында Мәжіліс қабылдаған заңдар жұмыс үшін Сенаттың тұрақты Комитеттеріне бөлініп берілді.

Суретті түсірген: 

Н.Байбулин