«AMANAT» партиясы Қостанай об­­лыстық мәслихаты депутаттық фрак­­ция­сының кезекті отырысы өтті.
Басым бағыттарды жүзеге асыру жолдары талқыланды
522
оқылды

Басқосуда Мемлекет бас­шы­сы­ның «Әді­лет­ті Қазақстанның эко­но­микалық бағдары» атты Жол­дауы­ның басым ба­ғыт­тарын жүзеге асы­ру жолдары  талқыланды. 

Партияның Қостанай облыстық фи­лиа­лы төрағасы Бибігүл Аққожинаның ай­туынша, Мемлекет басшысының жыл сайын­ғы Жолдаулары қоғамымыздың өр­кендеуі мен әл-ауқатын жақсартуға ба­ғытталған жаңа міндеттерді жүктейді.  

«Біз Президент жүргізіп отырған идея­ларды белсенді түрде іске асыруға тиіс­піз. Мемлекет басшысы көрсеткен ба­­­ғыттан ауытқымай, оң өзгерістерге бас­тайтын нақты тапсырмаларды орын­дау­ға дайын болып, тек алға ұмтылуымыз қа­жет. Бұл орайда, «AMANAT» партия­сы­ның Қостанай облыстық мәслихатын­да­ғы депутаттық фракция мүшелеріне де зор жауапкершілік жүктеліп отыр» , – де­ді Бибігүл Аққожина. 

Өз кезегінде сөз алған Қостанай об­лы­сы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, «То­был» СПК» АҚ басқарма төрағасының орын­басары Серік Бектұрғанов Мем­ле­кет басшысы биылғы Жолдауда халықтың әл-ауқатын көтеруге, тұрмыс жағдайын жақ­сартуға, елдегі өндіріс орындарын да­мыту мен экономиканы нығайтуға ерек­ше тоқталып өткені өзгерістерге бас­тар бағдар екендігін баса айтты. 

«Алдағы жылдан бастап ең төменгі жа­лақы мөлшері 85 мың теңге болатынын атап өтті. Бұл 1,8 млн адамдардың жала­қы­сының көбеюіне ықпал етеді деген сөз. Жағымды жаңалық 350 мыңдай бюд­жет­тік қызметкерлерді де үлкен қуа­ныш­қа бөледі. Сондай-ақ Үкіметке «AMA­NAT» пар­­тиясымен бірлесіп «ҚАРЫЗСЫЗ ҚО­ҒАМ» жобасын іске асыруды ерекше атап өтті. Бұл бастаманы әрі қарай жал­ғас­тырып, халықты қаржылық негізде сауат­тандыру жұмыстарын кең ауқымда жүргізуді тапсырды. Бұл алдағы уақытта біз үшін алдымызда өте үлкен міндет тұр дегенді білдіреді. Барлығы халықтың қа­мы», – деді Серік Бектұрғанов.

Отырыс соңында «AMANAT» пар­тия­­­сының Қостанай облыстық мәс­ли­ха­тының депутаттық фракциясының ал­да­ғы жұмыс жоспары ортаға салынды.