«AMANAT» партиясы Шымкент қаласының Еңбекші аудандық партия филиалының қо­ғамдық қабылдау бөлмесіне келген ай­натастық Бахыт Сү­лей­менов көше тұрғындары атынан өті­ніш білдірген болатын.
Мәселе оң шешімін тапты
961
оқылды

Ол өз өтінішінде су құбырларын салып беруін өтінген. Еңбекші ау­дандық филиалының Атқарушы хат­шысы Гүлжайна Жар­тыбекова өтініш иесінің мәселесі бойын­ша Еңбекші ауданының әкімі Досбол Күздікбайұлына хат жолдады.

Көп ұзамай-ақ 2 аптадан соң Ай­на­тас ауылы тұрғындарының сұрауы­мен ауызсу құбыры тартылды. Тұр­ғын­­дар мәселенің оң шешімін тап­қа­нына дән риза. 

Еңбекші ауданының тағы бір тұр­ғыны кезекті қоғамдық қабылдауға ке­ліп, Достық шағын ауданы көше­лері­нің ойдым-ойдым екенін айтып, арыз­данған. Тұрғындар атынан өті­ніш білдірген Қайрат Ақпанбердінің сұра­нысы көп ұзамай шешімін тапты. Жер­гілікті партия филиалының  жыл­дам әрекет етуі нәтижесінде 10 күн­де жол салынып, тұрғындар алғы­сын білдірді. 

Назгүл НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы