Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша, қазіргі уақытта 10 748 адамды іздеп жатыр. Оның 2 176 хабар-ошарсыз жоғалғандар. Бұл туралы Aikyn.kz Бас пркуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстанда 10 748 адамды іздеп жатыр
8,584
оқылды

Жоғалған адамдардың көпшілігі:

Алматы қаласы – 287;

Қарағанды облысы – 221;

Павлодар облысы  – 170;

Алматы облысында – 167.

Көбінесе 30-дан 49 жас аралығындағы ер адамдар әртүрлі жағдайларда жоғалады (77%). 

Үйден кетіп, оралмаған – 1 634 адам, автокөлікпен жоғалған – 74, жұмыстан кеткен – 36.

Сондай-ақ елде тергеу мен соттан жасырынған 2 372 адам іздестірілуде.

Іздестірілуде жүргендер негізінен 31 мен 40 жас аралығындағы ер адамдар (89%).

Олардың ең көп саны алаяқтық (510), ұрлық (318) және кісі өлтіру (146) дерегі бойынша:

Алматы қаласында (514)

Астана қаласында (185)

Шымкент қаласында (155)

Алматы облысында (143) 

Қарағанды облысында (140)  іздеп жатыр. 

Қазақстанда іздестіруді ішкі істер органдары, экономикалық тергеу қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүзеге асырады.

Фото: kaz.nur.kz