Ақмола облысында шаруа қожалығының жұмысшысы адам өлтірді деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Малшыны өлтірген күдікті Астанада ұсталды
1,680
оқылды

Polisia.kz-тің дерегінше, 8 қыркүйекте Бурабай ауданының полициясына шаруа қожалығының басшысы арызданды. 

Кәсіпкер 25 тамыздан бері жұмысшысы хабар-ошарсыз кеткенін хабарлады. 

Полицейлер сол күні жоғалған адам өзінің әріптесімен бірге мал бағуға кеткенін анықтады. Алайда ер адамның біреуі ғана қайтып оралған. 

Белгісіз жоғалып кету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бір тәулік ішінде күдікті елордадан ұсталды. 

25 тамызда жұмыс кезінде ер адамдар арасында жанжал болған. Күдікті 31 жастағы әріптесін бірнеше рет ұрып, денесін орманға қалдырып, шаруа қожалығының аумағына қайтып кеткен. 

Қазір 42 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша жүргізіліп жатыр.

Фото: yandex.kz